Бәдиүззаман & Шәкірттер
@said_nursi
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде дүниеге келіп, ХХ ғасырда Ислам тарихында «Рисалей-Нұр» атты тәпсірдің авторы
42 posts
халыққа

Неге сақалын жоқ?

Сақал мәселесіне келер болсақ. Сақал сүннет. Молдаларға ғана қатысты нәрсе емес. Елде тосқан пайызы сақалсыз адамдардың арасында, жастайымнан сақалсыз өстім. Жиырма жылдан бері маған ресми түрде қысым жасалуда. Кейбір достарымның сақалдарын қырып тастауы, менің сақал қоймауымда бір хикмет, илаһи көмектің жатқанын дәлелдеп берді. Егер сақал бола тұра қырып тастар болсам, Рисалей-Нұрға зиян тиер еді. Өйткені мен ондайға төзе алмай өлер едім. Кейбір ғалымдар «Сақал қыруға болмайды», депті. Олардың айтпағы сақал қойғаннан кейін алып тастауға болмайды, деген. Ал ешқашан сақал қоймаған адам, бір сүннетті орындамаған болып саналады. Мынандай заманда сұмдық ауыр күнәлардан аулақ болу үшін, Рисалей-Нұрдың...

Бәдиүззаман Әмірдағында

Әзірге Әмірдағы өлкесіндегі өмірінің Афион қамауына дейінгі алғашқы бөлімі баяндалады. Одан кейін, Афион түрмесінен шыққаннан кейінгі Әмірдағындағы иман қызметіндегі өмірі баяндалады. Әмірдағындағы өмірі бұрынғы кезеңдерге қарағанда оқиғаларға толы өткен еді. Ауыртпашылықтар мен жалаларға көбірек душар болған-ды. Ұдайы бақылауға алынып, тіпті көзін құртуға да әрекеттер жасалды. Осылай бола тұра, Рисалей-Нұр кең көлемде жайылды. Студенттер арасында қызметкерлер мен саясатшылар қауымында оқыла бастады. Ұстазды Әмірдағына жер аударғаннан кейін ол туралы қып-қызыл өтірік сөздер айтылып, неше түрлі қисынсыз жалалар жабылуына, Нұрлардың керемет түрде таралуына орай мына бір ақиқатты кіріспеде баян етудің реті келіп тұр.

Ұстаз Кастамонуда

Бәдиүззман Саид Нұрси Ескішеһир түрмесінен шыққаннан кейін Кастамонуға жер аударылады. Біраз уақыт полиция бөлімшесінде тұруға мәжбүр болады. Кейінірек сол бөлімшенің қарсы алдындағы, әр дайым полицейлердің бақылауында тұрған үйге орналастырылады. Сол жерде сегіз жыл полицияның көз алдында қатаң бақылауда қиын күндер өткізеді. Бірақ мұнда да қарап отырмайды. Жасырын түрде Құранның нұрларын елге таныстырумен болады. Әсіресе, Инеболыдан өте еңбекқор шәкірттер шықты. Спартадағы шәкірттер сынды бар ынта-жігерлерін Рисалей-Нұрдың жазылып, таралуына жұмсады.Осылайша, Қара теңіз жағалауларында да Рисалей-Нұрға деген қызығушылықтар арта түседі. Ұстаз Қастамонуда жүргенде Спартадағы...

Барла-алғашқы Нұр медресесі

Барла – иманды жандарға рухани күш ретінде жеткен Рисалей- Нұр жинағының жазыла бастаған жері. Барла, мұсылман халықтың, әсіресе, Анадолы халқының басына түскен сұмдық жағдайларға, адасушылық пен дінсіздік деп аталатын қараңғылықтарға қарсы Құраннан жеткен нұрдың құйылған жері. Бақыт таңының атқан жері. Барла мына берекелі Анадолыға және мына мұсылман халықтың ұрпағына, тіпті Ислам әлеміне Аллаһтың мейірімі түсіп, жарылқаған, өлісінің де тірісінің де бақытына себеп болар туындының жарыққа шыққан жері... Бәдиүззаман Барлада да қатаң бақылауға алынады. Барлаға жер аударылуының себебі де үлкен қалалардан жырақта, алыс ауылға орналастырып, Ислам дініне қызмет етуіне бөгет болу, ешкіммен кездестірмеу...

Исламият пен басқа діндер...

Шынтуайтына келгенде, тегі мұсылман бір адамның ақыл-ойы Исламияттан алыстап кетсе де, ішкі болмысы мен ар-ожданы Исламнан безбейді. Ең азғын-ақымақтың өзі арқа сүйер қорғанымыз болған Исламға бар болмысымен жақтасады. Әсіресе, саясаттан хабары барлар жақсы біледі... Сонау Бақыт ғасырынан бері бір де бір мұсылманның саналы, дәлелді түрде басқа дінді қабылдаған кезі болмаған. Діннен безгендер болған. Ол басқа мәселе. Еліктеушілер мән беруге тұрмайды. Ал басқа діннің өкілдері саналы түрде, дәлелдерге сүйене отырып, топ-тобымен Исламға кірген. Егер біз нағыз Исламды және Исламға лайық түрдегі дұрыс бағытты көрсете алсақ, олар бұдан кейін де топ-тобымен Ислам дінін қабылдайтын болады. Тарих...

Нұрлы қала Мәдинада тұратын ғұлама-ғалымның қаламынан туған алғы сөз.

Осы терең ақиқатты «Алғы сөзді» жазып отырған кезімде толық әрі жан-жақты аңғарғандай болдым. Өйткені, ғазиз де құрметті оқырманға шын жүректен, шынайы ықыласпен ұсынылып отырған бұл кітап, бір ғасырға жуық берекелі, өмір сүрген, өмірінің әр кезеңі мыңдаған ғажайып оқиғаларға толы, көңілдерді баурап алушы үлкен Ұстаз Бәдиүззаман Саид Нұрси және оның жүз отыз кітапшадан тұратын Рисалей-Нұр тәпсірі мен көркем мінез-құлық, адамгершілік, ықылас пен адалдық, иман мен ирфан секілді игі қасиеттерімен бір елге ғана емес, күллі адамзатқа үлгі-өнеге боларлық, Нұр шәкірттері жайлы.

Барладан хат

Ей мың жылдан бері Құранға қызмет етіп, Ислам нұрын жер бетіне жаюшы аталардың ұрпағы! Құранға бет бұр. Соны оқуға, түсінуге, соны түсіндіруші, бүгінгі таңдағы рухани мұғжизасы болған Нұр жазбаларын талдауға тырыс. Тілің Құран Аяттарын әлемге жар салып тұрғанда хал-жағдайың, мінез-құлқың оның мағыналарын жеткізетін болсын. Хал-жағдайың мен де Құранды паш ет, оқы! Сол кезде сен дүниедегі ең құрметті, әлемдегі басшы және адамзатты бақытқа бастар адамға айналасың! Ей, сан ғасыр бойы Құранның ту ұстаушысы қызметін атқарып, әлемдегі ең құрметті орынға көтерілген аталардың ұрпағы, немерелері! Ояныңдар! Ислам әлемінің жарқын таңы атып келе жатқанда ұйықтап жату ақылға сиымсыз жағдай! Ислам әлемі қайта оянып жатқанда көшбасшы болу, жолдас...

Ұстаздың ғажайып бір түсі

(Һижри) 1335 жылдың қыркүйегінде, сол кездегі оқиғалардан түңіліп, қатты күйзелуде едім. Осы қою қараңғылықтан құтқарар нұр іздедім. Рухани жақтан көрген түстей болып жатқан өңімде ол нұрды таба алмадым. Шынтуайтында өңімдей болған түсімде бір жарық көрдім. Егжей-тегжейлі айтып жатпай-ақ, маған айтқызылған кейбір нәрселерді баяндай кетейін. Оқиға былай болды. Жұма күні түнде ұйқы арқылы мысал әлеміне кірдім.

Үйім-медресем

Егер әр адамның өз үйінде төрт-бес баласы болса, үйін кішкентай Нұр-Медресесіне айналдырсын. Егер балалары болмай өзі жалғыз болса, араласып жүрген көршілерінен үш-төрт адам біріксін және бұл адамдардың жиналатын үйлерін кішкентай Нұр-Медресесі деп қабылдасын. Ең болмағанда жұмыстарынан бос уақыттарда, бес-он минөт болса да Рисале Нұрды оқып, тыңдаумен немесе жазумен шамалы айналысса, ақиқи ілім жолындағы талапкерлердің алатын сауаптары мен құрметіне бөленетін болады, сондай-ақ Ықылас Рисаләсінде жазылған бес түрлі ғибадатқа ие болады және нағыз білім талапкерлерінің күнкөрістерін қамтамасыз ету секілді қарапайым істері де құлшылық түріне айналады деп жүрекке ескертілді. Мен де мұны бауырларыма жария қылудамын.

Саид Нұрси және Шәкірттері

Бақытты бір қария бар. Айналасы сегіз жасар баладан сексендегі қартқа дейінгі кісілерге толы. Жастары әр түрлі, бет әлпеттері әр түрлі болғанымен сенімдері бір. Бәрінің де сенері бір Аллаһ. Әлемдердің Раббысы болған Аллаһқа... Оның Ұлы Пайғамбарына және Ұлы Кітабына сенеді. Құран жаңа түсіп, жұр одан қалағанын іздеп тауып жатқандай жағдай болып жатыр. Саид Нұрси мен шәкірттеріне қарап, өзіңді бақыт ғасырында жүргендей сезінесің. Беттері нұр, іштері нұр, сырты нұр... Бәрі де бақытты. Бүкіл әлемді жаратушы, барлық жерді бақылаушы Аллаһ көрсеткен жолда жүру, сол жолда жүруге құштар болу әрине бақыт. Үлкен бақыт..!