Бәдиүззаман Денізліде
Рисалей-Нұр оқырмандарының шеңбері барған сайын кеңеюде...
Нұрларға құштар жандардың саны арта түсуде еді. Рисалей-Нұрдың
керемет әсері мен жақсы нәтижелерін байқап отырған Ислам
дұшпандары,неше түрлі құйтырқы әрекеттермен Рисалей-Нұрға
және оның авторы Бәдиүззаманға қастық қылуда еді. «Бәдиүззаман
жасырын ұйым құруда, халықты үкіметке қарсы қоюда. Жаңашыл
өзгерістердің тамырына балта шабуда. Мұстафа Кемалға тажал,
суфиян, дін бұзар деп, мұнысын Хадистермен дәлелдеуде», деген
секілді сылтаулармен үрей туғызуда еді. Нәтижесінде Бәдиүззаман
1943 жылы жүз жиырма алты шәкіртімен бірге Кастамонудан Денізлі
қылмыстық істер сотына жөнелтіліп, қамауға алынады. (Сілтеме 1)
Артынша, Рисалей-Нұрда саяси тақырыптардың бары-жоғын
анықтау мақсатында бірнеше мемлекеттік қызметкерлерден тұратын
топ құрылып, Рисалелер мен жазылған хаттар сараптала бастаған
кезде, Бәдиүззаман, «Мұндай істің маманы емес мына топ, Рисалей-
Нұрға сараптама жасай алмайды. Анкарада маман-ғалымдардан
тұратын топ құрылсын, Еуропадан философтар шақырылсын.
Егер олар қандайда бір қылмыстық әрекеттердің барын дәлелдесе,
ең ауыр жазаға да дайынмын» деп, қарсылық білдіреді. Осыған
байланысты Анкарада профессорлар мен ғалымдардан құрылған
арнайы топ, Рисалей-Нұрдың әр жолына жіті сараптама жасайды.
Осы сараптамалардың нәтижесінде арнайы топ, Бәдиүззаман
ешқандай саяси әрекеттер жасап жатқан жоқ. Еңбектері тек қана
ғылыми, имани, бұл жазбалар Құранның бір тәпсірі» деген анықтама ереді. Сотқа тартуға себеп болған әңгімелер бос уайым, өтірік, жала
екендігі түсінікті болады. Сотта Бәдиүззаман аса ауқымды, нақты
дәлелдерге негізделген өзін-өзі ақтау баяндамасын жасайды.
Сот 1944.06.16 күні № 199/136 ақтау шешімін шығарады. Бір жүз
отыз бөлімінен тұратын Рисалей-Нұр жинағы түгелдей ақталып,
авторға қайтарылады. 30.12.1944 күні қылмыстық істер Касациялық
соты да бұл шешімнің дұрыс екендігін растап, Рисалей-Нұр көтерген
мәселелердің хақ екендігі толық дәлелденеді.
Бәдиүззаман бірнеше шәкірттерімен бірге тоғыз ай қамауда
жатып, ақтау қарарына орай түрмеден босап шығады. Алайда
түрмеде Саид Нұрсиге у беріледі. Аллаһ сақтап аман қалады. Өлім
аузынан қайтады. Тарихта болмаған асқан зұлымдық пен азапқа
душар болады. Бәдиүззаман, жасырын дінсіз, мұнапықтардың айдап
салуымен барлық сот орындарында жапа шеккеніне, олардың мұның
көзін жою үшін әртүрлі қастандық қылғандарына қарамастан, хақ
пен ақиқатты жария етуде өлімнен де қорықпай қарсы тұра білді.
Бәдиүззаман Денізлі Түрмесінде «Миуа Рисалесі» атты рисалені
жазады. Бұл рисале, кейінірек “Аса-и Мұса” жинағының бас жағына
енгізіледі. Миуа рисалесі екі жұма күні жазылады. Түрмедегі барлық
Нұр шәкірттері, тіпті қамауда жатқан басқа кісілер де бұл рисаленің
жазылып таралуына ат салысады. Түрмеге қағаз кіргізуге рұқсат
жоқ еді. Бұл рисаленің кейбір сөйлемдері оттық қорапшаларының
сыртына жазылған еді. (Сілтеме 2 )
Сілтеме: Денізлі түрмесіне қамалудың бір ғана себебі, Спарта және Қастамону уәләяттары бастаған көптеген аймақтарға Рисалей-Нұрдың тара- луы осылайша дінге деген сүйіспеншіліктің артуы. Денізлі түрмесіне қамалмай тұрып, жетінші шұға, яғни "Аятул Күбра" рисалесі Стамбулда жасырын түрде басылып шыққан еді. Иман ақиқаттарын жақсылап түсіндіріп, дәлелдеп беретін бұл туынды, Имансыздардың зәресін алды. Денізлі түрмесіне қаматуға сылтау болды.
Сілтеме-2: Он мәселеден тұратын аса маңызды "Миуа Рисалесінің" алтыны- шы, жетінші мәселелері осы бөлімнің соңына енгізіліп отыр.
https://www.rebrand.ly/omirtarihi
ӨмірТарихы-394