Бәдиүззаман & Шәкірттер
@said_nursi
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде дүниеге келіп, ХХ ғасырда Ислам тарихында «Рисалей-Нұр» атты тәпсірдің авторы
42 posts
соттағы

Бәдиүззаман Афионда

1947 жылдың соңына таман, арнайы іріктелген үш полиция қызметкері Афионнан Әмірдағына келеді. Мақсаттары, «Саид Нұрси және шәкірттері жасырын діни ұйым құрып алыпты» - деген қауесетті анықтау екен. Мұны расқа шығаруға тырысқан олар, әр түрлі сылтаулармен жала жабуға тырысады. Солардың бір мысалы былай болған еді. Әлгі полиция қызметкерінің біреуі қағазға «Саидтың қызметшісі осы жерден Саидқа апарып беру үшін арақ алды» деген мәлімдемені жазып алып, ішімдік сататын дүкен маңында жүрген есуас маскүнемге қол қойғызып, куәгер еткісі келеді. Әлгі маскүнем: «Тәубә, тәубә мұндай өтірікке кім қол қояды екен» деп көнбей қояды. Ойын іске асыра алмаған полиция қызметкері, сол күні кешке өз қателігінің жазасын тартады. Бірге арақ ішіп жүрген...

Бәдиүззаман Денізліде

Рисалей-Нұр оқырмандарының шеңбері барған сайын кеңеюде... Нұрларға құштар жандардың саны арта түсуде еді. Рисалей-Нұрдың керемет әсері мен жақсы нәтижелерін байқап отырған Ислам дұшпандары,неше түрлі құйтырқы әрекеттермен Рисалей-Нұрға және оның авторы Бәдиүззаманға қастық қылуда еді. «Бәдиүззаман жасырын ұйым құруда, халықты үкіметке қарсы қоюда. Жаңашыл өзгерістердің тамырына балта шабуда. Мұстафа Кемалға тажал, суфиян, дін бұзар деп, мұнысын Хадистермен дәлелдеуде», деген секілді сылтаулармен үрей туғызуда еді. Нәтижесінде Бәдиүззаман 1943 жылы жүз жиырма алты шәкіртімен бірге Кастамонудан Денізлі қылмыстық істер сотына жөнелтіліп, қамауға алынады. (Сілтеме 1)

Бәдиүззаман Ескішеһирде

Рисалей-Нұрдың барған сайын халық арасына тарала түскенін және иман мен Исламияттың күш ала бастағанын түсінген дін дұшпандары «Бәдиүззаман жасырын ұйым құруда, режимге қарсы, қазіргі режимнің іргетастарын қиратуда» деген жалалы арыздармен үкіметті алдап, үрейге салады. 1935 жылы Ескішеһир қылмыстық істер Соты Бәдиүззаманды өлім жазасына кесу мақсатында және бұл үкім міндетті түрде орындалсын деген нұсқаумен Бәдиүззаман Саид Нұрсидың үстінен іс қозғайды.

Сотта жабылған 3 жала

Жан-жақты тергеу жүргізіліп Ескішәһир, Қастамону, Денизли қалаларында тұтқындалып, бірнеше рет сот болды. Соңында ақиқат ортаға шығып, әділет көрініс тапты. Дегенмен бәлеқорлар тоқтамады. Дәл қазір де тұтқындалып Афион қаласына айдап әкелді. Қамаудамын, тергеу жүріп жатыр. Мені төмендегі бабтармен айыптауда: