Саид Нұрси және Шәкірттері
Бақытты бір қария бар. Айналасы сегіз жасар баладан сексендегі
қартқа дейінгі кісілерге толы. Жастары әр түрлі, бет әлпеттері
әр түрлі болғанымен сенімдері бір. Бәрінің де сенері бір Аллаһ.
Әлемдердің Раббысы болған Аллаһқа... Оның Ұлы Пайғамбарына
және Ұлы Кітабына сенеді. Құран жаңа түсіп, жұр одан қалағанын
іздеп тауып жатқандай жағдай болып жатыр. Саид Нұрси мен
шәкірттеріне қарап, өзіңді бақыт ғасырында жүргендей сезінесің.
Беттері нұр, іштері нұр, сырты нұр... Бәрі де бақытты. Бүкіл әлемді
жаратушы, барлық жерді бақылаушы Аллаһ көрсеткен жолда жүру,
сол жолда жүруге құштар болу әрине бақыт. Үлкен бақыт..!
Саид Нұрси үш кезеңді басынан өткерген жан. Үш кезең: Мешрутиет (Демократиялық кезең), Иттихад уә Тераққи
партиясы басқарған кезең, Республика кезеңі. Үш кезеңнің үшеуі
де үлкен-үлкен төңкерістерге, күйреу-қирау мен аласапырандарға толы кезең. Құламаған, қирамаған нәрсе жоқ... Мызғымай тұрған
бір адам бар. Шығыстағы жайлаудан, күннің шыққан жерінен
Стамбулға жеткен адам. Ол адамның иманы заңғар таудай мығым.
Үш кезеңнің пәлекеттеріне қарсы кеудесіндегі иманын қалқан
еткен адам. Аллаһ деді, Пайғамбар деді. Басқа еш нәрсе айтқан жоқ.
Арараттың шыңындай тік тұрған басын, ешбір залым игізе алған
жоқ.... Тастай берік жігер, жай оғындай алғырлық.... Саид Нұрси
осы.... Әскери трибуналдар, соттар, төңкерістер.... Соған арнап
құрылған дар ағаштары, қуғын-сүргін.... Бұлардың еш қайсысы да
бұл адамды, руханият адамын жолдан тайдыра алмады.... Ол адам
бұл қиыншылықтардың бәріне иманынан нәр алған жойқын күштің
арқасында қарсы тұра алды.
Құран Кәрімде «Имандарың болса, әлбетте үстемсіңдер» (Әл-
Ғимран сүресі 139-аят) деп бұйырады. Бұл аяттың мағынасы Саид
Нұрсиде көрініс тапқандай.
Батырлық пен даналықтың символы...
Сократ неге осынша ұлы? Бір пікірді, бір ойды өмірден де артық
көргені үшін емес пе? Саид Нұрси кем дегенде бір Сократ. Дініміздің
жаулары оны кері тартпа ретінде таныстыруда. Олар шетелдіктерді
ғана ұлы санайды.
Соттардағы қорғану сөздерін оқыдық. Бұл сөздер өз басын
арашалау емес. Ұлы күрескердің ақиқатты қорғау сөздері...
Ол адамды түрмеден түрмеге сүйреді. Ол қамалған түрме,
ол жатқан зындан Медресе-и Юсуфиеге айналды. Саид Нұрси
зындандар мен көңілдерге нұр ұялатты. Қаншама адам өлтіріп, ар
таптаған залымдардың өзі момақан ғана мүсілім, қоғамға пайдалы
азаматқа айналды. Сендердің қай мектептерің, қандай жүйелерің
мұны жасай алды, қай тәрбиелеу орындарың жасай алады.
Оны бір өлкеден екінші өлкеге жер аударды. Барған өлкесі оның
өз отанына айналды. Қайда барса да қайда айдалса да айналасына
саф, таза мүміндер топтасатын. Заңдар, тыйым салулар, сақшылар,
жандармдар, түрмелер оны мұсылман бауырларынан ажырата
алмады. Ұлы ұстаз бен шәкірттерінің арасына қойылған материялдық
кедергі дін мен иманның арқасында байланыс құралдарына айналып,
шектеулері мен қысымдары, рухани әлемнің мұхиттарында алып
толқындар құрады. Бұл толқындар ауылдағы үйлерден бастап, бүкіл
жерді алып кетті. Университеттің аудиторияларына дейін жетті.
Неше жылдан бері рухани құндылықтары аяқ асты болған
азаматтар, қор болған ұрпақ, Иман нәріне сусаған жандар оның
нұрына ұмтылды. Ұстаздың Нұр рисалелері қолдан-қолға өтіп,
таралып жатты. Жастар да, қарттар да олардан өз үлестерін алып,
нұрымен нұрланды. Әрбір шәкірт баспа мәшинесіне, баспаханаға
айналды. Иман, техникадан озып кетті. Нұр рисалелері мың-мыңдап
жазылды, көшірілді...
Көздерінің нұры сөніп, ішкі жан дүниесінің жарығы өшіп қалған
көр соқырлар мұндай нұрдан қорықты. Тілдері ғана сайрап жүрген
«Төңкерістер мен зайырлылыққа қарсы әрекет етуде» дегенді сылтау
етіп, сол бір әзиз жанды қайта-қайта сотқа беріп, түрмеден түрмеге
сүйреткізді... Қаншама рет у берді. Зындандар медресеге айналды.
Ол нұрлар – Құранның нұры, Аллаһтың нұры бұл елдің шекараларынан
да асып кетті. Бүкіл Ислам әлеміне таралды. Қазір Түркияда барлық
топтардың, тіпті кез келген адамның тік тұрып құрмет көрсетуі керек
біреулер бар, Саид Нұрси және шәкірттері. Олардың ұйымы жоқ,
жиналатын жері жоқ, арнайы үйлері жоқ, партиялары жоқ, айқай-
шу жоқ, көрініп қалу, өзін көрсетіп қалу деген нәрселері жоқ. Бұл
үндемей жүріп-ақ, үлкен іс тындыратындардың, өздерін сол жолға
арнағандардың, Иманды, сенімді жандардың тобы.
Осман Йүксел Серденгешті
(Бәдиүззаман Саид Нұрси Өмір Тарихы,бет-636)