бауырларға
May 18, 2020

Қадір Түні

Азиз, адал бауырларым!

Мүбарак қасиетті рамазан айларыңды шын көңілмен құттықтаймыз!
Хақ Тағала осы қасиетті Рамазандағы Қадір түнін баршаңызға мың
айдан қайырлы қылсын, әмин, және сексен жылдық рухани өмірдей
табыс әкелсін әмин!


Екіншіден; Айтқа шейін осы жерде болуымыздың біз үшін
көптеген қайырлы пайдалары бар деп ойлаймын. Егер ақталып
шыққанда осы Юсүф медресесіндегі қайырлы істерден құр
қалар едік және тек ақыретпен қатысты Рамазанды дүниялық
істермен шұғылданып руханиятымызға нұқсандық келер еді.
اَلْخَيْرُ فِيمَا اخْتَارَهُ اللهُ сырымен иншаллаһ, мұнда да қайырлы да
үлкен қуанышты оқиғалар болады деп ойлаймыз.

Сотта заң жүзінде бізді айыптайтын ештеңе таба алмағандықтан
түкке тұрмайтын, биттің қабығындай, заңнамаға еш қатысы жоқ
шағын хаттардың кішкене тақырыптарын арқау етіп бірақ, Рисалей-
Нұрдың жаһандық, күлли мәселелеріне тиісуге сылтау таба алмағанын
сендер де түсінген шығарсыңдар. Әрі өте ауқымды және көп Нұр
тәлабаларының және Рисалей-Нұрдың орнына тек менің жеке басыма
тиісіп, беделімді түсіруге тырысқандары жақсы нәрсе. Неге десеңдер,
тағдыр оларға Рисалей-Нұр мен шәкірттеріне осылайша тиіскізбей,
менімен шұғылдандыруда. Мен де сендерге және барлық достарыма
айтарым:

Мен шын көңіліммен тіпті жүгенсіз нәпсім де бұған
қосылады, Рисалей-Нұрдың және сендердің аман-саулықтарың үшін
басыма түскен қандай да қиыншылықтарды қуана әрі ризашылықпен
қабылдауға дайынмын. Жәннат арзан емес, жәһаннам да босқа емес.
Дүния да оның ішіндегі машақаттар да уақытша болғаны секілді
бізге дұшпандарымыз тарапынан жасалған зұлымдықтың шегі бар.
Оның ақысы ертең махшар сотында, бір бөлігі дүнияда жүз есе
алынатындықтан оларға ашуланудың орнына аяп өкінеміз. Бұл ақиқат,
олай болса еш уайымдамай әрі сақтық жасап сабыр етіп әрі шүкір етіп
тағдырдың жазғанына риза болып, бізді сақтап отырған Аллаһтың
инает-жәрдеміне сеніп, тәуекел етуіміз керек. Және осындағы
бауырлармен шынайы әрі өзара жұбаныш беретіндей әрі адал түрде және бір-біріне арқа сүйеп сұхбаттасу, достасу арқылы қасиетті рамазан айында көп сауап жинап дұға жасап, іліми дәрістерімізді
алып, осылайша уақытша машақаттарға көп мән бермеуге тырысу
үлкен бақыт, әрі ғанибет деп білемін. Рисалей-Нұрдың мына емтихан
дүнияда әсерлі дәріс беруі және дұшпандарына өзін оқытуы бұл
әрине, маңызы зор Нұрдың жеңісі, мол табыс деп білемін.

Саид Нұрси