Мұңайып, бір ой үстінде отырғанымда сүйінші бір хабар алдым. Соңғы кездері мұндай бір ой келе бастады: «Қоғамда, жалпы тұрмыста жүрген адам, қайтсе де күнәлармен ұшырасады. Күнәлар кімді болсын жан-жақтан емін-еркін қоршап алатыны рас. Мұнша көп күнәға қарсы адамның өзіндік құлшылық-ғибадаты, тақуалығы қалай төтеп бермек?» деп үмітсіз күйде ойға баттым. Мені тұрмыс-кәсібі бар Рисалей-Нұр тәлабаларының жағдайы уайымдатып, олардың аман-сау, бақытты болатыны жайлы Құранның ишара белгілерін, сосын Хазреті Али мен Ғаус-ы Ағзамның сүйінші хабарын еске алдым. Көкейге мұндай бір ой келді:
Дүниелік істерде алға тартып, қалқан қылуға да болмайды. Өйткені өте маңызды тәфаккүрлік құлшылық болып саналатындықтан, ондай дүниелік мақсат күтуге болмайды. Ондай ой болса, ықылас қашады. Әлгі аса маңызды құлшылықтың мағынасы жойылады. Кейде балалар төбелесіп қалған кезде қолдарындағы Құранды қалқан етіп, басына сілтенген жұдырыққа қолындағы Құранды тоса қояды. Сол сияқты мына қасарысқан дұшпанға қарсы Рисалей-Нұрды қалқан етуге болмайды. Расында Рисалей-Нұрға тиіскендер таяқ жейді. Бұған жүздеген оқиға куә. Бірақ Рисалей-Нұрдан дұшпандарға соққы келуін күтуге, сондай ниетте болуға болмайды. Ондай жағдайда соққылар да болмайды. Өйткені ондай жағдай ықыластың да құлшылықтың да сырына...
1 - Адасқандармен рухани күресу. 2 - Ұстазына ақиқатты жаю тұрғысынан көмектесу.