бауырларға
June 17, 2020

Қызмет ету...

Әзиз Сыддық бауырларым!


Мыңға жуық тәжірибелерім арқылы анық көзімнің жеткені және
үнемі сезетін нәрсем, Рисалей-Нұрға қызмет еткен күндерімде
(жасалған істің дәрежесіне қарай) тынысым ашылып, денем
жеңілдеп, зейінім ашыла түседі. Күн көрісім жеңілдеп, берекет
артады. Көптеген шәкірттерім «мұны біз де сеземіз» дейді. Сендерге
былтырғы хатымда жазғанымдай менің азғантай аспен өмір
сүруімнің сыры сол берекет екен.
Сондай-ақ, Имам Шафиден жеткен, «Шын ықыласты, ілім жолындағы шәкірттің ризығына мен кепілмін» деген риуаят бар.
Өйткені оның ризығында берекет бар. Жағдайдың ақиқаты осы
және Рисалей-Нұр шәкірттері бүгінгі таңда ілім жолындағы шәкірт атануға лайық. Ендеше қазіргідей тапшылыққа қарсы Рисалей-
Нұр шәкірттері өз қызметтерін бәсеңдетпей, күн көріс қамымен
шапқылап кетпей, шүкір және қанағат етіп, Рисалей-Нұрға шәкірт
болу жолында табандылық танытулары керек.

Саид Нұрси

Қ.Өмір Тарихы,299-бет