бауырларға
June 17, 2020
Рисалей-Нұрды жазудың ақыретте де бұл дүнияда да көптеген пайдалары бар, атап айтсақ:
1 - Адасқандармен рухани күресу.
2 - Ұстазына ақиқатты жаю тұрғысынан көмектесу.
3 - Мұсылмандарға имани тұрғыдан қызмет ету.
4 - Қалам арқылы ілім жинау.
5 - Кейде бір жылға татитын бір сағаттық тәфәккүри ғибадат яғни терең толғаныспен жасалатын құлшылық.
Дүниялық бес түрлі пайдасына келер болсақ:
1 - Ризық несібеде береке.
2 - Көңіл тыныш, рахат.
3 - Тұрмыс жеңілдейді.
4 - Өмірде сәттілік болады.
5 - Тәлаба деген атқа ие болып барлық Рисалей-Нұр шәкірттерінің дұға-тілектеріне ортақ болады.
6 - Сонымен қатар, жақында жастар бұл кітаптың қадірін түсініп университет белгілі бір мағынада Нұр мектебі атануы әбден мүмкін деп жазған.
/14-Шұға,451-б/