бауырларға
April 22, 2020

ҚАТТЫ ҚИНАЛҒАН КЕЗДЕ ЖАН АЗАБЫМДЫ СЕЙІЛТКЕН АҚИҚАТҚА ТОЛЫ ЖҰБАНЫШ ХАТ

بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ

БІРІНШІДЕН; Шеккен қиыншылығымыз рахымшылыққа
айналады.
ЕКІНШІДЕН; Тағдырдың әділдігін көріп риза болу, тәсілім және
соған көнудің өзіндік ләззаты бар.
ҮШІНШІДЕН; Иләһи инает-жәрдемнің Нұршыларға әдейілеп
келетінін сезіп қуану.
ТӨрТІНШІДЕН; Уақытша болғандықтан аяқталған кезде ләззат
пен қуаныш сыйлайды.
БЕСІНШІДЕН; Маңызы зор мол сауапқа кенейді.
АЛТЫНШЫДАН; Аллаһтың ісіне араласпау керек.
ЖЕТІНШІДЕН; Сұмдық шабуылдарда өте аз қиналып, аз зардап
шегу.
СЕГІЗІНШІДЕН; Басқа қиналып жүргендерге қарағанда біздікі
тым жеңіл.

ТОҒЫЗЫНШЫДАН; Нұр және Иман қызметінде ауыр емтихан,
сынақ болғанда мұны әркім естіп, әртарапқа жария болады да
жағымды әсер етіп соған шаттану.
Осы аталған тоғыз рухани ләззат жанымызды жұбатып, жарамызды
емдейтін шипа, күшті дәрі. Оның кереметтігін айтып жеткізу мүмкін
емес. Бұл бізді барлық ауыр азапқа қиналудан сақтап көңілімізді
жайлайды.

Саид Нұрси

* * * * *