бауырларға
April 6, 2020

Тәлаба-и улум

Бауырларым!

Осыған ұқсас бұрынырақ жазылған шағын хаттар кейде оқылып
тұрса және «Миуа» кітабы әсіресе, соңғы жақтары өзара талқыланып
оқылса және Рисалей-Нұрдан еске түскен мәселелерге өзара пікір
жүргізіп тұрса иншаллаһ хадистегі «Тәлаба-и улум» деген абыройға
шәкірттер ие болады деп ойлаймын. Имам Шәфи (қуддусы сыррухи)
сықылды ірі тұлғалар: «Тәлаба-и улумның» ұйқысы да құлшылық
саналады!» деп, ондай жандарға көп мән берген екен. Мұндай
медресесіз заманда, мұндай азапты жерлерде, мұндай абыройлы
тәлаба атану үшін жүз есе қиыншылық шексе дағы қажымау керек
яки /1/ خَيْرُ اْلاُمُورِ اَحْمَزُهَا деп, сол қиыншылықтардың арқасында сауап
жинағанымызға риза болып жайдары жүрген жөн. Ал, пақыр кедей
достарымыздың бала-шаға, тұрмыс жағдайы болса, олар өздерінен
әлдеқайда ауыр бәлеге ұшырағандарды ойлап сондай-ақ, нығмет
пен жақсылықта өздерінен анағұрлым төмен, мақұрымдарды ойлау
керектігі Құран мен Иманның және Нұрдың ереже-қағидалары
болғандықтан салыстырмалы түрде жүзде сексен адамнан әлдеқайда
өмір рахат. Ешкімнің шағымдануға хақысы жоқ болғаны секілді
сексен есе шүкір етуге міндетті. Сондай-ақ, осы жердегі ризық-
несібемізді жеуді тағдырда жазған екен. Аллаһтың әділдігі ғой, бізді
осы жерге жинады. Бала-шаға нағыз асыраушы, ризық беруші бір
Аллаһқа аманат қылып тапсырылды. Сөйтіп, уақытша от басына
қарау міндетінен босатылды. Қалайша, бір күні ол міндеттен мүлдем
босатылатынымыз хақ. Бұл ақиқат, олай болса /2/ حَسْبُنَا اللهُ وَنِعْمَ الْوَكِيلُ
деп, маңдайға жазғанға көніп шүкір етуіміз керек.

#19-Шұға

/1/-Істердің ең қайырлысы ол ең қиыны.

/2/-Бізге Алла жетіп асады, Ол нендей жақсы ие.(Әли Имран, 3: 173)