бауырларға
March 23, 2020

Бауырларыма ескерту

بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ

اَلسَّلَامُ عَلَيْكُمْ وَ رَحْمَةُ اللّٰهِ وَ بَرَكَاتُهُ


Құрметті бауырларым.


Жаз айлары күн көрістің қамын көбірек ойлататын кез
болғандықтан, қасиетті үш айдағы сауабы мол құлшылыққа
немқұрайлы қаратпасын. Әлемдегі аласапыран жағдайлар қарумен
емес, дипломатияның күшімен шешілуі тиіс. Мұндай жағдайда, аса
ұстамдылық және қасиетті қызмет жолында табандылық болмаса,
Рисалей-Нұр қызметіне зиян тигізер жалқаулық пен тоқырау баста-
лады.


Құрметті бауырларым,

естеріңде болсын, Рисалей-Нұр мен шәкірттерінің айналысып жүрген мәселелері, жер бетіндегі бүкіл мәселелерден де үлкен. Сондықтан, бұл дүниелік, тартымды болып
көрінер мәселелерге қызығушылық таныту арқылы мәңгілікке ұласар
ақыреттік міндеттеріңе зиян келтіріп алмаңдар. Миуа рисалесінің
Төртінші мәселесін қайта-қайта оқыңдар, рухани күштерің сарқылмасын.

Әһл-и дүниенің (бұл дүниені ғана ойлаушылар) ең
маңызды деген мәселелері, уақытша өмірдегі зұлымдық шашар
«өмір-күрес» қағидасы. Қатыгез, мейірімсіз, діни құндылықтарды
дүниенің жолында құрбан ететін мұндай ұстанымдары үшін Аллаһ
олардың сол қылмыстарының ішіне бұл дүниенің өзінде рухани
тозақ орнатуда.
Рисалей-Нұр мен шәкірттерінің айналысып жүрген шаруасы,
мәңгілік өмірді өзінің артына жасырып тұрған өлімнің әһли дүние
үшін қорқынышты жендет, иманды жандар үшін мәңгілік бақыттың
есігі екендігін екі жердегі екі төрт болатындай анық дәлелдеу. Және
мұны осы уақытқа дейін дәлелдеп келеді.
Қорыта айтқанда, Әһли далалет (адасқандар) фәни өмір үшін
күресуде. Күрес жолындағы олардың ең үлкен мәселелері (уақытша
болғандықтан) біздің ең кішкентай мәселемізге (мәңгілік мәселе
болғандықтан) тең келмейді. Олар ақымақтық жасап, біздің ұлы
мәселелерімізге мән бермеуде, олай болса, қасиетті борышымызға
зияны тиер олардың болмашы мәселелеріне біз неге қызығушылық
танытуымыз керек...

لَا يَضُرُّكُمْ مَنْ ضَلَّ اِذَا اهْتَدَيْتُمْ

аяты және Ислами бір қағида саналар

اَلرَّاض۪ى بِالضَّرَرِ لَا يُنْظَرُ لَهُ

Ислами бір қағида саналар қағидасы,
яғни, «басқалардың адасуы, сіздердің тура жолда жүрулеріңізге кедергі келтірмейді. Сендер орынсыз жерде олардың адасуларымен әуре болмаңдар»... қағидасының мағынасы, «Өз ризашылығымен зиянға ұрынған адамға жақтасуға, жанашырлық танытуға болмайды».
Мына Аят та, қағида да өз ризашылығымен зиянға ұрынған адамға
жанашырлық танытуға болмайтынын айтып тұрғанда, біз де бүкіл
күшіміз бен уақытымызды өз міндетімізді атқаруға жұмсауымыз
керек. Одан басқа мәселелерге мән бермей, уақытымызды босқа
өткізбеуіміз керек.

Өйткені, қолымызда нұр бар, сойыл жоқ. Біз күш көрсетпейміз,
бізге күш көрсеткендерге нұр көрсетеміз.
Бұл ескертудің жазылуына себеп болған жағдайлардың бірі мынау еді.
Бірде Рисалей-Нұр шәкіртінің біреуін сынап көрдім. Қазіргі са-
яси жағдайларға деген көзқарасы қалай екен деп, бұғаздар жай-
лы әңгімесіне орай екі нәрсе сұрадым. Берген жауаптарынан бұл мәселелерге деген қызығушылығы байқалып тұрды. Жүрегім обал-ай деді. Бұл жағдайдың қасиетті міндеттерімізге зияны тиетіндігін айтып, қатаң ескерту жасадым Біздің қағидамыз اَعُوذُ بِاللّٰهِ مِنَ الشَّيْطَانِ وَ السِّيَاسَةِ екенін айттым.
Егер адамдарға жаның ашыса, жоғарыдағы қағида оның аяуға
лайық, немесе лайық емес екенін көрсетеді. Жұмақ өзінде адамдардың
болғанын қалайды. Тозақ та адам қалайды.


(Бесінші Шұға жеткізген хабарлар көрініс беруде)

Саид Нұрси