бауырларға
June 29, 2020

Рисалей-Нұрды дүниелік істерге пайдалануға болмайды.

Дүниелік істерде алға тартып, қалқан қылуға да болмайды. Өйткені өте
маңызды тәфаккүрлік құлшылық болып саналатындықтан, ондай
дүниелік мақсат күтуге болмайды. Ондай ой болса, ықылас қашады.
Әлгі аса маңызды құлшылықтың мағынасы жойылады. Кейде балалар
төбелесіп қалған кезде қолдарындағы Құранды қалқан етіп, басына сілтенген жұдырыққа қолындағы Құранды тоса қояды. Сол сияқты
мына қасарысқан дұшпанға қарсы Рисалей-Нұрды қалқан етуге
болмайды. Расында Рисалей-Нұрға тиіскендер таяқ жейді. Бұған
жүздеген оқиға куә. Бірақ Рисалей-Нұрдан дұшпандарға соққы келуін күтуге, сондай ниетте болуға болмайды. Ондай жағдайда соққылар да болмайды. Өйткені ондай жағдай ықыластың да құлшылықтың
да сырына үйлеспейді. Біз, бізге зұлымдық жасаушыларды,бізге қамқор болып, Рисалей-Нұрға қызмет еткізіп тұрған Раббымызға тапсырамыз. Дүниелік істерге қатысты ғажайып нәтижелер, (кейбір маңызды вирдтер сияқты) Рисалей-Нұрда көп кездеседі. Бірақ
оларды тілеуге болмайды, олар сый ретінде беріледі. Негізгі мақсат
етуге болмайды. Берілсе пайда. Егер қалау арқылы орын алса,
мақсат сол болғаны, онда ықылас жойылады. Құлшылықтың бір
бөлшегі жойылып кетеді. Иә, Рисалей-Нұрдың қасарысқан осынша
дұшпанына қарсы тұра алуы, ықыластағы сырда, пайда ойламауда,
тек қана мәңгілік бақыт жолына арналуында, Иман жолындағы
қызметтен басқа мақсаттар күтпеуінде, кейбір тариқатшылар аса
мән беретін жеке бастағы кәшф-кереметтерге мән бермеуіндегі
сырда жатыр. Сондай-ақ ұлы әулиелік жолдағы Сахабалар сынды Пайғамбарымызды (с.а.у.) үлгі тұтып, Иманның нұрларын жаюды, мүміндердің иманын құтқарып қалуды ғана мақсат тұтуында.
Мынадай аласапыран заманда Рисалей-Нұр арқылы қол жеткізуге
болатын екі нақты нәтиже барлық нәрседен де жоғары және басқа
нәрселерге, дәрежелерге мұқтаждық қалдырмайды.

Бірінші нәтижесі: Рисалей-Нұрдың шеңберіне шынайы
ықыласпен кіріп, соған қанағат етушілердің қабірге иманды кететіндігіне көптеген белгі нышандар бар.
Екіншісі: Рисалей-Нұрдың шеңберінде арнайы ұйымдаспасақ та,
өздігінен қалыптасқан ақыреттік, рухани серіктестік бар. Ондағы
әр бір садық шәкірт мыңдаған тілмен, мыңдаған көңілден дұға етіп,
тәубә қылады. Құлшылық етеді. Кейбір періштелер секілді қырық
мың тілмен тәсбих тартады. Қасиетті Рамазанда Қадір түнінің
ақиқатын, жүз мың қол жаю арқылы күтеді. Осы нәтижелерге
байланысты, Рисалей-Нұр шәкірттері бұл нұрлы қызметті әулиелік дәрежеден артық көреді, кәшф-керемет іздемейді. Ақыреттік
жемістерді бұ дүниеде үзіп алуға тырыспайды. Табысқа жеткізу,
халықтың қызығушылығын арттыру, еңбектерін жемісті ету сынды Аллаһтың ісіне араласпайды. Лайық бола тұрса да, атақ-даңққа
бөлеу, рахатқа бату сынды өз міндеттерінің сыртындағы нәрселерге
араласпайды, ондай нәрселер үшін әрекет етпейді. Шын ықыласпен
еңбек етеді «Біздің міндетіміз қызмет ету, бізге сол жеткілікті» дейді.


303-бет