соттағы
September 8, 2020

Бәдиүззаман Афионда

1947 жылдың соңына таман, арнайы іріктелген үш полиция қызметкері Афионнан Әмірдағына келеді. Мақсаттары, «Саид Нұрси және шәкірттері жасырын діни ұйым құрып алыпты» - деген қауесетті анықтау екен. Мұны расқа шығаруға тырысқан олар, әр түрлі сылтаулармен жала жабуға тырысады. Солардың бір мысалы былай болған еді. Әлгі полиция қызметкерінің біреуі қағазға «Саидтың қызметшісі осы жерден Саидқа апарып беру үшін арақ алды» деген мәлімдемені жазып алып, ішімдік сататын дүкен маңында жүрген есуас маскүнемге қол қойғызып, куәгер еткісі келеді. Әлгі маскүнем: «Тәубә, тәубә мұндай өтірікке кім қол қояды екен» деп көнбей қояды. Ойын іске асыра алмаған полиция қызметкері, сол күні кешке өз қателігінің жазасын тартады. Бірге арақ ішіп жүрген таныстарымен өзен жағасында қыдырып жүргенде араларында дау туындайды. Аналар әлгі полицейді оңдырмай сабап, тапаншасын тартып алады.

Ұстаз пайтонмен қырға шыққан кезде төрт-бес күн бойы бес ұшақ ұстазды қадағалап жүрді. Ұстаз үйіне кірген кезде олар да кері қайтатын. Ұстаздың тек қана иман жолында, ақырет жолында, Құран жолында қызмет етуіне жаңсақ мағына беріліп, оған қарсы үгіт жүргізілуде, жоғарғы жаққа басқаша жеткізілуде еді.

Рисалей-Нұрдың көшіріп басқан құрылғыларымен көбейтіліп таралуынан және Анадолыда Нұрлардың жайыла түсуінен қорыққан жасырын ұйымдар, мұндай имани қызметті тоқтату мақсатында үкіметті айдап салып, қарсы әрекеттерге көшеді. Әмірдағы, Спарта, Кастамону, Коня, Инеболу, Сафранболу, Айдын қатарлы үлкендікішілі елді мекендердегі Нұр шәкірттерінің үйлеріне тінту жүргізеді 1947 жылдың соңында Саид Нұрси және он бес шәкірті Әмірдағынан Афионға әкелінеді. Тергеу жауап алудан кейін қамауға алынады. Басқа да өңірлердегі Нұр шәкірттері тұтқындалып, Афионға жеткізіледі. Осылайша үшінші Медресе-и Юсуфие (Түрмені ұстаз осылай атаған) кезеңі басталады.

Бәдиүззаман Саид Нұрси түрмеден шыққаннан кейін біраз уақыт Афионда қалады. Кесілген мерзімін толық аяқтап, кассациялық соттың үкімімен ақталып шыққанына қарамастан үш полиция қызметкері күндіз-түні есігін күзетіп тұрады. Екі жылдық қапастан шыққан қарттың хал-жағдайын сұрауға келгендерге де кездесуге рұқсат берілмейді. Россияда тұтқында жүргенде орыс офицерлері тұтқындарға сабақ беруіне тыйым салмаған еді. Ал мұнда, өз Отанында, ғазиз мұсылман халықтың бақыты жолында қолда барын пида қылған қарияға зияратқа келушілерге рұқсат берілмеді. Тіпті оған көмектесіп жүрген кісілермен сөйлескен адамдарды көре қалса “Сен Бәдиүззаманға көмектесіп жүрген адаммен неге сөйлесесің“ деп қысым жасалатын. Осындай заңсыз әрекеттермен Халықтың Саид Нұрсиға деген құрметін тоқтатуға тырысқан сайын халықтың, әсіресе, жоғары оқу орындарындағы жастардың оған деген құрметтері арта түсті. Оған қарсы әрекет етушілердің мақсаты халықтың Бәдиүззаманға деген құрметін азайту, ол кісінің беделін түсіру арқылы Рисалей-Нұрдың халыққа таралуын тоқтату еді. Ал Рисалей-Нұрдың ол кісінің жеке тұлғасына қатысы жоқ. Рисалей-Нұр Құранның мүлкі. Бұл туынды басқа шығармаларға мүлде ұқсамайды. Рисалей-Нұр басынан аяғына дейін нақты дәлелдер қазынасы. Рисалей-Нұрды оқыған адам оның авторына назар аудармайды, тікелей сол жердегі ақиқаттар мен дәлелдерге зер салады. Осындай ақиқаттарға байланысты Саид Нұрсидың жеке басына жасалған шабуылдар нәтижесіз қалды. Нәтижесіз қалуы да заңды...

Бұл мұсылман халық, отанға, елге шексіз пайдасы тиген Құран мен Иман жолындағы қызметін теңдессіз жанқиярлықпен атқарған ұлы автордың, ұлы ойшылдың осылайша соттан сотқа сүйрелуіне қарсы миллиардтаған өкініш білдіруде. Отан мен халықтың игіліг үшін айтқымыз келетіні, бұл іс дереу тоқтатылып, соттағы істер жабылсын. Өйткені Бәдиүззаман атқарып жүрген Құран мен Иман жолындағы қызмет Ислам әлемін тіпті бүкіл әлемді қамтитын шаруа. Бәдиүззаман Саид Нұрси жайлы айтылған ақиқаттар аса маңызды, дәлелсіз емес, асыра мақтау жоқ. Бұған күмәнданушылар әзірге арамызда жүрген Бәдиүззаманмен жақынырақ танысып РисалейНұрды тұрақты түрде, шынайы ықыласпен оқысын. Сонда бұны түсінетін болады. Біз бұл кітапта жеткізуге тырысқан ақиқаттарды түсіндіру барысында сөзіміз әлсіз, жұтаң болып қалды. Өздері шын ықыласпен бізден де артық түсінер ақиқаттарды бүкіл әлемге жар салар ынтаға қол жеткізетін болады.

Бүкіл әлемдегі соттар, жасырын дін дұшпандары таққан айыптарға қарап Бәдиүззаманды соттағылары келсе, егер ол соттар дәлелдерді мойындар болса Бәдиүззаманды соттай алмайды. Бәдиүззаман Саид Нұрси Хазрет, Исламның жаулары берген улар әсерінен қоза түсетін аурулардың кесірінен үнемі төсек тартып қалады. Өзі “Қабір аузында тұрмын“ дейді. Бірақ біз бүкіл болмысымызбен, бар ынтамызбен Аллаһқа жалбарынып, дініміздің ұлы қаһарманына ұзақ өмір бере көр, деп тілейміз. Өйткені Құранның мұндай жанкешті, шын ықыласты қызметшісіне, мұндай ұлы ойшыл-данаға, мұндай қаһарманға, теңдессіз Ислам ойшылына бүкіл Ислам әлемі, бүкіл әлем мұқтаж.

Бәдиүззаманның Әмірдағы мен Афиондағы өз өмірі жайлы жазған және Лемалар жинағына енген Он бесінші үміт атты рисале қаз-қалпында беріліп отыр.


Өмір тарихы-540 бет

https://rebrand.ly/omirtarihi