Үйім-медресем
Егер әр адамның өз үйінде төрт-бес баласы болса, үйін кішкентай Нұр-Медресесіне айналдырсын. Егер балалары болмай өзі жалғыз болса, араласып жүрген көршілерінен үш-төрт адам біріксін және бұл адамдардың жиналатын үйлерін кішкентай Нұр-Медресесі деп қабылдасын. Ең болмағанда жұмыстарынан бос уақыттарда, бес-он минөт болса да Рисале Нұрды оқып, тыңдаумен немесе жазумен шамалы айналысса, ақиқи ілім жолындағы талапкерлердің алатын сауаптары мен құрметіне бөленетін болады, сондай-ақ Ықылас Рисаләсінде жазылған бес түрлі ғибадатқа ие болады және нағыз білім талапкерлерінің күнкөрістерін қамтамасыз ету секілді қарапайым істері де құлшылық түріне айналады деп жүрекке ескертілді. Мен де мұны бауырларыма жария қылудамын.
Рисалей-Нұрды жазудың ақыретте де бұл дүнияда да көптеген
пайдалары бар, атап айтсақ:
1 - Адасқандармен рухани күресу.
2 - Ұстазына ақиқатты жаю тұрғысынан көмектесу.
3 - Мұсылмандарға имани тұрғыдан қызмет ету.
4 - Қалам арқылы ілім жинау.
5 - Кейде бір жылға татитын бір сағаттық тәфәккүри ғибадат яғни
терең толғаныспен жасалатын құлшылық.
Дүниялық бес түрлі пайдасына келер болсақ:
1 - Ризық несібеде береке.
2 - Көңіл тыныш, рахат.
3 - Тұрмыс жеңілдейді.
4 - Өмірде сәттілік болады.
5 - Тәлаба деген атқа ие болып барлық Рисалей-Нұр шәкірттерінің
дұға-тілектеріне ортақ болады.
6 - Сонымен қатар, жақында жастар бұл кітаптың қадірін түсініп
университет белгілі бір мағынада Нұр мектебі атануы әбден мүмкін
деп жазған.
Ұстаз Бәдүззаман Саид Нұрси