бауырларға
April 15, 2020

Ақыреттік амалдар үшін серіктестік


بِاسْمِهِ سُبْحَانَهُ

Биылғы қасиетті Рамазан айы, Ислам әлемі үшін, Рисалей-Нұр
шәкірттері үшін де өте маңызды және қымбат болып отыр. Рисалей-
Нұр нұр шәкірттерінің «Ақыреттік амалдар үшін серіктестік»
құруларының сырына орай, біреуінің қол жеткізген сауабы бәрінің
амал дәптеріне жазылуы Аллаһтың мейіріміне сай келер нәрсе
болғандықтан, Рисалей-Нұрдың шеңберіне шынайы ықыласпен
кіргендердің пайдасы шаш етектен және бәріне де ортақ. Әрқайсысы
мыңдаған пай алады. ИншаАллаһ дүниелік малға ортақ болғандар
сияқты әркім өз пайдасын ғана бөліп алмайды. Әрқайсысының
амал дәптеріне бірдей сауап жазылады. Бір адам әкелген май шам,
мыңдаған айнада жеке-жеке май шам болып көрініс табатынындай
болады. Демек, Рисалей-Нұрдың садық шәкірттерінің біреуі, Қадір
түнінің ұлы ақиқаты мен Рамазан айының жоғарғы мәртебесіне қол
жеткізсе садық, шынайы шәкірттердің бәрі де сол ақиқаттарға қол
жеткізеді, пайда алады. Солай боларын аса мейірімді Аллаһтан үміт
етеміз.

Саид Нұрси