бауырларға
July 6, 2020

Қолымызда Нұр бар

Құрметті Бауырларым.


Осы жолғы жазғандарыңыздың ішінен Ықылас Рисалелерін
көргендіктен сендерді сол рисалелерге тапсырып, қосымша
дәрістердің қажеті жоқ деп білемін.


Тек, мына бір нәрсені ескерте кетейін. Біздің ұстанымымыз
ықыласпен атқарылар Иман ақиқаттарын түсіндіру болғандықтан,
бұ дүниелік, қоғамдық өмірдің мәселелеріне мәжбүр қалмайынша
араласпаймыз. Өз ұстанымымыздың талабына сай, бақталастыққа,
бір жаққа жақтас болуға, араздыққа итермелейтін нәрселерден аулақ
болуға мәжбүрміз. Өкінішке орай, қазір әб жыландардың шабуылына
ұшырап жатқан ғалымдар мен діндар жандар шыбын шаққан құрлы
әсері жоқ кемшіліктерді сылтау етіп, бірін-бірі сынап-мінеу арқылы
әб жыландар мен дінсіз кәпірлердің бұзғыншылықтарына және
өздерінің өлтірілулеріне көмек беруде. Ықыласты бір бауырымыздың
хатында айтылғандай, жасы ұлғайған бір уағызшы-ғалым Рисалей-
Нұрға зиян тигізер ұстанымда екен. Мен сияқты мыңдаған кемшілігі
бар бір адамды, маңызды бір үзіріне орай, бір сүнетті тәрк етуімді
сынға алып, мені сынау арқылы Рисалей-Нұрға тиіскісі келіпті.
Біріншіден. Ол кісі де, сендер де білесіңдер мен Рисалей-Нұрдың қызметшісімін. Және сол дүкеннің делдалымын. Ал, Рисалей-Нұр – Арш-ы Ағзаммен байланысып тұрған Ұлы Құранға жалғанып тұрған ақиқатты тәпсір. Менің жеке басымның кемшіліктері оған әсер етпейді.
Екіншіден. Ол уағызшы-ғалым кісіге менің атымнан сәлем
айтыңыздар. Жеке басыма айтылған сындарын қабыл көремін.
Сендер де ол кісімен және соған ұқсаған жандармен айтысып-
тартыспаңдар. Тіпті сендерге күш көрсетілсе де қарғыс айтып
сөкпеңдер. Кім болса ол болсын, иманы болса болды, өз бауырымыз болып саналады. Біздің ұстанымымыз бізге қастық қылғандарға дәл
солай жауап беруге тыйым салады. Өйткені олардан да күшті жаулар,
әб жыландар бар.
Қолымызда сойыл емес, нұр бар! Нұр ауыртпайды, сәулесімен сипап өтеді. Әсіресе, ғылыммен шұғылданып жүрген ғалым
болса, бойындағы білім қоздырып тұрған менмендігі бар
шығар. Кеудесінен итеріп, жаншымаңдар. Мүмкін болғанынша وَاِذَا مَرُّوا بِاللَّغْوِ مَرُّوا كِرَامًا *

қағидасын үлгі тұтыңдар. Оның үстіне ол кісі бұрын Рисалей-Нұрды танып білген, жазуға да көмектесіп жүрген екен. Өз арамыздағы бауырымыз. Оның ойлары қате болса да кешіріммен қараңдар.
Олар секілді дін жолында, тариқатта жүрген мұсылмандармен
ғана емес, мынадай қиын шақтарда иманы болғанымен адасқан
топтарда жүрген жандармен де айтысып-тартыспау керек. Аллаһты
мойындап, ақыретке сенетін христианмен де айтысып-тартыспаңдар.
Ондайдан аулақ болу мынадай қиын кезеңнің де, ұстанымымыздың
да, қасиетті қызметіміздің де талабы.

*/Олар өтірікке айғақ болмайды да, бос (пайдасыз) сөздерге кездессе, маңғазданып өтеді.Фурқан, 25: 72/

Саид Нұрси

301-бет