дәстүрлер
June 7, 2021

Неге ішкі, сыртқы ағымдарға, әсіресе, саяси ұйымдарға назар аудармайсың? Рисалей-Нұр шәкірттерін де мүмкіндігінше ондай ағымдарға жолатпайсың?

Сұрақ: Неге ішкі, сыртқы ағымдарға, әсіресе, саяси ұйымдарға
назар аудармайсың? Рисалей-Нұр шәкірттерін де мүмкіндігінше
ондай ағымдарға жолатпайсың? Негізінде сен сол ағымдармен
шұғылдансаң мыңдаған адам Рисалей-Нұрды танып, нұрлы
ақиқаттар жайыла түсер еді. Сонымен қатар, себепсізден себепсіз,
мынадай қиыншылықтар шекпес едің.

Жауап: Оларға көңіл бөлмеуімнің, аулақ тұруымыздың ең басты
себебі, өз ұстанымымыздағы ықылас, бізді олардан аулақ ұстауда.
Өйткені, мынадай ғапылдық жайлаған заманда, әсіресе, бір жақты
қолдау пікірі бар біреуге бұра тартуға жақын адам, кез келген нәрсені
өз мақсатына пайдаланып кетеді. Тіпті, дінін де, ақыреттік амалдарды да өзінің дүниелік ұстанымдарына құрал етеді. Ал Иман ақиқаттары мен сол жолдағы қасиетті де нұрлы қызмет, еш нәрсеге құрал бола алмайды. Аллаһ ризашылығынан басқа мақсаты жоқ. Бүгінгідей бас-
басына бөлініп алып, қырық пышақ болып жүрген кезеңде, шынайы
ықылас сырын сақтап қалу, дінді бұ дүниелік істерге пайдаланбау
өте қиын. Ең дұрысы, ондай ағымдардың күшіне емес, Аллаһтың
көмегі мен жарылқауына арқа сүйеу.

Олардан аулақ тұруымыздың бір себебі де Рисалей-Нұрдың
төрт негізінің бірі «мейірімділік таныту», зиян беруден аулақ болу.

Өйткені: «Біреудің қателігі үшін екінші біреу немесе оның туысқаны жазаға тартылмайды» деген Илаһи қағидаға қарсы бүгінгі таңда

сыры бойынша сұмдық зұлымдықтар жасалуда. Бір жаққа жақтас болу
сезімі арқылы, бір қылмыскердің қателігі үшін оның туысқанымен
ғана емес, жақтастарымен де жауласуда. Қолынан келсе, зұлымдық
жасар еді. Қолында күші болса, бір адамның қателігі үшін бір ауылға
бомба тастауға бар. Негізінде жүз қылмыскер үшін бір бейкүнә
адамның құқын таптауға, оған зұлымдық жасауға болмайды. Қазіргі
жағдайда бірнеше қылмыскер үшін жүз бейкүнә жанға зиян берілуде.
Мәселен: Бір адамның қателігіне байланысты бейшара, қартайған
ата-анасын, бейкүнә бала-шағасын зар еңірету, бұлар бізге қарсы деп
жауласу, мейірімділіктің негіздеріне керағар нәрсе. Мұсылмандардың
арасындағы осындай жақ-жақ болып бөлінушіліктің кесірінен
бейкүнә жандар зұлымдыққа ұшырап, зардап шегуде. Әсіресе,
төңкерістерге себеп болатын нәрселер, зұлымдықты қоздырып
жібереді..