Құран Хакимнің шәкірттері мен қызметшілеріне нұсқау ретінде және алданып қалмаулары үшін жазылған.
Сұрақ: Неге ішкі, сыртқы ағымдарға, әсіресе, саяси ұйымдарға назар аудармайсың? Рисалей-Нұр шәкірттерін де мүмкіндігінше ондай ағымдарға жолатпайсың? Негізінде сен сол ағымдармен шұғылдансаң мыңдаған адам Рисалей-Нұрды танып, нұрлы ақиқаттар жайыла түсер еді. Сонымен қатар, себепсізден себепсіз, мынадай қиыншылықтар шекпес едің.
4. Дүниелік ешбір нәрсеге көңіл аудармайтын. «Бүкіл малмүлкімді бір қолыммен көтеріп кете беруім керек» дейтін. Мұндай жағдайдың себебін сұрағандарға «Уақыты келгенде, менің мұндай жағдайыма жұрттың бәрі қызығатын болады. Екіншіден мол байлық маған ешқандай ләззат бермейді. Мына дүниеге уақытша қонақ үй ретінде қараймын» дейтін.
Неге саясатқа осынша немқұрайлылық танытып отырсыз? Әлемде мұншалық өзгерістер болып жатса да сіз өз ұстанымыңызды өзгерткен жоқсыз. Осы өзгерістер дұрыс деп ойлайсыз ба, әлде, қорқасыз ба, неге үнсіз отырсыз?
Рисалей-Нұрды дүниелік істерге пайдалануға болмайды. Дүниелік істерде алға тартып, қалқан қылуға да болмайды. Өйткені өте маңызды тәфаккүрлік құлшылық болып саналатындықтан, ондай дүниелік мақсат күтуге болмайды. Ондай ой болса, ықылас қашады. Әлгі аса маңызды құлшылықтың мағынасы жойылады. Кейде балалар төбелесіп қалған кезде қолдарындағы Құранды қалқан етіп, басына сілтенген жұдырыққа қолындағы Құранды тоса қояды. Сол сияқты мына қасарысқан дұшпанға қарсы Рисалей-Нұрды қалқан етуге болмайды. Расында Рисалей-Нұрға тиіскендер таяқ жейді. Бұған жүздеген оқиға куә. Бірақ Рисалей-Нұрдан дұшпандарға соққы келуін күтуге, сондай ниетте болуға болмайды. Ондай жағдайда соққылар да болмайды. Өйткені ондай...
Бауыpлаpым! Менмендiктiң аpамыздағы ең қауiптi жағы қызғану, көpе алмау. Егеp іс тек Құдай үшiн атқарылмаса, қызғаныш аpаласады, бұзады. Мысалға, адамның бip қолы екiншi қолын қызғанбайды, көз құлақты қызғанбайды. Жүpек ақылмен бәсекелеспейдi. Сол сияқты бұл жамағатымыздың бірлескен бір ғана рухани тұлғасы баp. Әpкiм соның мүшелеpi ретінде. Бip-бipiмiзбен бәсекелесу былай тұрсын, кеpiсiнше, бip- бipiмiздiң қасиеттеpiмiздi мақтаныш тұтып, масаттануымыз керек. Бұл аp- ожданның мiндетi. Тағы бip мәселе бар. Ол да өте маңызды. Өздеріңнің немесе туыстарыңыздың арасындағы мына пақыp бауыpлаpыңа деген қызғаныш, көре алмаушылық. Бұл өте қауiптi. Құдайға шүкір, сіздерде өте күштi ғұламалаp баp...