халыққа
June 10, 2021

Неге сақалын жоқ?

Сақал мәселесіне келер болсақ. Сақал сүннет. Молдаларға ғана
қатысты нәрсе емес. Елде тосқан пайызы сақалсыз адамдардың
арасында, жастайымнан сақалсыз өстім. Жиырма жылдан бері маған
ресми түрде қысым жасалуда. Кейбір достарымның сақалдарын
қырып тастауы, менің сақал қоймауымда бір хикмет, илаһи көмектің
жатқанын дәлелдеп берді.
Егер сақал бола тұра қырып тастар болсам, Рисалей-Нұрға зиян
тиер еді. Өйткені мен ондайға төзе алмай өлер едім. Кейбір ғалымдар
«Сақал қыруға болмайды», депті. Олардың айтпағы сақал қойғаннан
кейін алып тастауға болмайды, деген. Ал ешқашан сақал қоймаған
адам, бір сүннетті орындамаған болып саналады.
Мынандай заманда сұмдық ауыр күнәлардан аулақ болу үшін,
Рисалей-Нұрдың арқасында жиырма жыл бойы жалғыз өзім
қамалғандай ауыр күндер өткіздік. ИншаАллаһ осы күндер бір
сүнетті орындамағандығымның өтеуі болар.