бауырларға
December 29, 2020

Әрқайсына мың жақтан келетін күнәларға қарсы бір тілмен қалай төтеп береді, қалай басым түсіп құтылар екен?

Қ-109

Мұңайып, бір ой үстінде отырғанымда сүйінші бір
хабар алдым. Соңғы кездері мұндай бір ой келе бастады: «Қоғамда, жалпы тұрмыста жүрген адам, қайтсе де күнәлармен ұшырасады. Күнәлар кімді болсын жан-жақтан емін-еркін қоршап алатыны рас. Мұнша көп күнәға қарсы адамның өзіндік құлшылық-ғибадаты, тақуалығы қалай төтеп бермек?» деп үмітсіз күйде ойға баттым.
Мені тұрмыс-кәсібі бар Рисалей-Нұр тәлабаларының жағдайы
уайымдатып, олардың аман-сау, бақытты болатыны жайлы Құранның
ишара белгілерін, сосын Хазреті Али мен Ғаус-ы Ағзамның сүйінші
хабарын еске алдым. Көкейге мұндай бір ой келді:

«Рисалей-Нұрдың шынайы, адал шәкірттерінің арасында ақыреттік
амалдарды бөлісу дейтін ереже заң бар. Олар өзара адал, кіршіксіз
ауызбіршілігі мықты, ынтымағы жарасқан жамағат. Осыған орай
әрбір ықыласты, шынайы шәкірт бір тілмен емес, бауырлары қанша болса сонша тілмен ғибадат қылып, истиғфар етеді. Осылайша, мың тараптан шабуыл жасаған күнәларға мыңдаған тілмен қарсы тұрып төтеп береді. Кейбір періштелердің қырық мың тілмен зікір ететіні
секілді адал әрі шынайы, тақуа шәкірт қырық мың бауырларының тілдерімен ғибадат қылып, осылайша тозақтан құтылып, мәңгі
бақытты болуға иншаалаһ лайық болады. Кімде-кім Рисалей-Нұр аясына адал ниетпен және қызмет үшін кірсе және тақуалығын сақтап, үлкен күнәлардан қаншалықты қашса дәрежесіне қарай әлгі киелі де ауқымы кең құлшылық жасағандай мол сауапта ие болады.
Әлбетте мұндай зор табыстан айырылып қалмау үшін тақуалыққа,
ықыласқа, адалдыққа көп мән беруі керек.


rebrand.ly/kastamonu