халыққа
June 17, 2020
Барладан хат
Ей мың жылдан бері Құранға қызмет етіп, Ислам нұрын жер бетіне жаюшы аталардың ұрпағы! Құранға бет бұр. Соны оқуға, түсінуге, соны түсіндіруші, бүгінгі таңдағы рухани мұғжизасы болған Нұр жазбаларын талдауға тырыс. Тілің Құран Аяттарын әлемге жар салып тұрғанда хал-жағдайың, мінез-құлқың оның мағыналарын жеткізетін болсын. Хал-жағдайың мен де Құранды паш ет, оқы! Сол кезде сен дүниедегі ең құрметті, әлемдегі басшы және адамзатты бақытқа бастар адамға айналасың! Ей, сан ғасыр бойы Құранның ту ұстаушысы қызметін атқарып, әлемдегі ең құрметті орынға көтерілген аталардың ұрпағы, немерелері! Ояныңдар! Ислам әлемінің жарқын таңы атып келе жатқанда ұйықтап жату ақылға сиымсыз жағдай! Ислам әлемі қайта оянып жатқанда көшбасшы болу, жолдас, бауыр болу үшін Құран мен Иманның нұрларынан нәр ал, нұрлан, Ислами тәрбиемен тәрбиелен, кемелден. Нағыз адамға жарасар мәдениет болып саналатын Ислами мәдениетке жабыс.
Сол мәдениетті өзіңе үлгі тұтуың керек. Европа мен Америкадан жеткізілген, шын айтуында ол да Исламның меншігі болған ғылым мен өнерді тәуһид нұрына иле. Құран түсіндіргендей тәфаккүр ету және мағна-и харфи назарымен қарау керек яғни бір нәрсеге оның жасаушысы, жаратушысы бар, ол зат жаратушысының атымен бір қызмет атқарып тұр деп қарау керек. «Мәңгілік бақытқа жетелер Иман мен Құранның ақиқаттары толы жинақ – Нұрларға қарай ілгеріле, алға бас», деу керек, дегізу керек!
Ей, Азияның бұрынғы қаһарман әскерінің немерелері, қадірменді бауырларым! Бес жүз жыл жаттыңдар, жетер! Құранның жарқын нұрымен ояныңдар! Егер Құранның нұрына көздеріңді жұмып алып, бейқамдық төсегінде жата берсеңдер надандық пен бейқамдық сендердің түптеріңе жетіп, қор қылады... Құранның арнасынан бөлініп қалған тамшыдай болып, топыраққа тамбаңыздар! Ондай жағдайда қызық құмар, нәпсі құмар мәдениет сіздерді топырақтай сіңіріп, жұтып қояды. Басы біріккен судай болып, Қасиетті Құранның бақыт арнасында бірігіңдер. Қызық құмар, нәпсіқұмар мәдениетті шайып тастап, бұл елге абыл хаят суы болып келіңдер. Ислами ақиқаттың суын ағызыңдар. Исламдағы сол ақиқат сулары мен Иман нұры арқылы бұл жерлерде шынайы мәдениет пен ғылымның, өнердің гүлдері ашылатын болады. Бұл мемлекетте моралдық-материалдық бақыт орнап, бұл жерлер гүлге-гүлістанға айналады. Иншааллаһ...