Түстің айырмашылығы: 1) Рахмани түс: Өз әлемінде рухтың суреттерді ақылмен қорытуы.Дәлелдері: Қаласа оянып кете алады.Тез арада ұйқыдан шығуы әрі уақыттың рухқа үстемдігі болмағандықтан көрген түстің егжей тегжейге дейін есте қалуы. 2) Аралас түс: Қиялдың ояу кезде жадыға жүктелген суреттердің көріністері. Ол заманға тәуелді себебі мидың еске түсіру қабілетіне тікелей байланысты. #мукаддима #умранист
Саудада әрдайым бәсекелестік болғандықтан өзінікін мойындату, жарысу және өзің жоғары ұстау пікірі басым келеді.Уақыт өте келе пікір мен әрекет мінезге айналады. Әрине кейін қайталана берсе рухқа сіңеді. Ал бұл болса жақсы мінездердің азаюына алып келеді.#умранист #мукаддима
Әлемдер туралы: 1) материалды әлем =көзге көрінетін 2) Біздің ішіміздегі мағыналар, пікірлер әлемі. Бұған (еріксіз) көрілетін түстер, әр сәтте пікірімізге қона қалатын шабыттар дәлел.3) Рухтар мен періштелер әлемі.Бұлар перденің арқасында.Оны ашу үшін нәпсіні тәрбиелеу керек. Перделер 3 жолмен ашылу мүмкін; 1)Көп зікір ету.Оның ең үлкені әрі бізді ластықтан қорғайтын ол Намаз 2) Ішіп-жеуден ұзақ тұру яғни ораза ұстау.3) Аллаға толықтай тәуекел ету.
Жүректе бу түрінде болған рух қан тамырларынан өтіп денеге қуат пен әрекетті сезінеді.Бірақ 5 сезім мүшесі шаршап, түнде дене суыта бастағанда рух мекені болған жүрекке қайта оралады. Осы кезде ұйқы яғни демалу басталады.Енді жүректегі рух ақылдағы рухқа көлік сияқты мінеді.Әмір әлемімен байланысқа түседі.Себебі тәң рухпен ең аз қатынаста болғандықтан рух ғайыпқа ашылады.
Адам ата-анасының тегінің баласы емес, адам шыққан ортамының баласы.#мукаддима #умранист
(Мұсылман)Ғұламалар көбіне кедейшілікте өмір сүріп,солай бақилық болып кетеді.Себебі олардан алған ілімі оларға билік пен маңсап иелеріне жағымпаздануға рұқсат бермейді. #мукаддима #умранист
Өткен шақ пен болашақ судың суға ұқсағаннан да қатты бір-біріне ұқсайды. #умранист #мукаддима
Адамның болмысы жағынан 3 қажеттілігі бар: 1) Сөйлесу 2)Көмектесу 3)Ортақ жұмыс істеу.
Адам көбіне өзіне ұнаған затын бағалайды,мұқтаж болған затын емес! #мукаддима #умранист
Балалар есеймей тұрып міндетті түрде кәміл ғалымнан Құран сабағын алу керек.Әйтпесе жастық шақтың қуаласпағынан кейін қайта Құраннан дәріс алуға мүмкіндігі болмай қалуы әбден мүмкін.