Тылсым

Түстердің түрлері

Түстің айырмашылығы: 1) Рахмани түс: Өз әлемінде рухтың суреттерді ақылмен қорытуы.Дәлелдері: Қаласа оянып кете алады.Тез арада ұйқыдан шығуы әрі уақыттың рухқа үстемдігі болмағандықтан көрген түстің егжей тегжейге дейін есте қалуы. 2) Аралас түс: Қиялдың ояу кезде жадыға жүктелген суреттердің көріністері. Ол заманға тәуелді себебі мидың еске түсіру қабілетіне тікелей байланысты. #мукаддима #умранист

Әлемдер туралы.

Әлемдер туралы: 1) материалды әлем =көзге көрінетін 2) Біздің ішіміздегі мағыналар, пікірлер әлемі. Бұған (еріксіз) көрілетін түстер, әр сәтте пікірімізге қона қалатын шабыттар дәлел.3) Рухтар мен періштелер әлемі.Бұлар перденің арқасында.Оны ашу үшін нәпсіні тәрбиелеу керек. Перделер 3 жолмен ашылу мүмкін; 1)Көп зікір ету.Оның ең үлкені әрі бізді ластықтан қорғайтын ол Намаз 2) Ішіп-жеуден ұзақ тұру яғни ораза ұстау.3) Аллаға толықтай тәуекел ету.

Түс қайдан келеді?

Жүректе бу түрінде болған рух қан тамырларынан өтіп денеге қуат пен әрекетті сезінеді.Бірақ 5 сезім мүшесі шаршап, түнде дене суыта бастағанда рух мекені болған жүрекке қайта оралады. Осы кезде ұйқы яғни демалу басталады.Енді жүректегі рух ақылдағы рухқа көлік сияқты мінеді.Әмір әлемімен байланысқа түседі.Себебі тәң рухпен ең аз қатынаста болғандықтан рух ғайыпқа ашылады.

Болашақ пен өткен шақ

Өткен шақ пен болашақ судың суға ұқсағаннан да қатты бір-біріне ұқсайды. #умранист #мукаддима