Тұмар жайлы
«Тұмар — (исламға дейінгі) арабтардың балаларын көз тиюден сақтайды деген сеніммен мойнына тағып қоятын моншақтар. Ислам ондай сенімді жоққа шығарған.
«Әл-Хания» кітабында былай делінген: «Бір әйел күйеуі оны жақсы көріп кетсін деп тұмар тағып қойғысы келсе, «әл-Жамиғу әс-Сағир» кітабында бұл жайлы: «Бұл — харам, рұқсат етілмейді», – делінген.
Ал егер тұмарда Құран аяттары немесе Аллаһтың көркем есімдері жазылған болса, ондай тұмарда ешбір әбестік жоқ. Араб тілінде емес, әрі мағынасы белгісіз сөздермен жазылған тұмарлар¹ мәкруһ. Өйткені ондайда сиқыр не күпірлік секілді нәрселер араласуы мүмкін.
Құранмен шипа іздеу жайында ғалымдар әртүрлі пікір айтқан. Ауру адамға не уланған адамға Фатиха сүресін оқу, не оны қағазға жазып, оған тағып қояды, не тостағанға жазып, жуып ішкізеді — осы амалдарға рұқсат бар деп сахабалардан риуаяттар жеткен және қазіргі адамдар да осыған амал етуде.
Жүніп не етеккірі келген әйелдің де тұмарды білегіне байлап алуында әбестік емес, егер ол тұмар мықтап оралған болса²».
Фақих, шейх (ән-Нәхләуй атымен танымал) Халил ибн Абдул-Қадир әш-Шәйбани әл-Ханафи өзінің «Әд-Дурар әл-Мубаха фи әл-Хазр уә әл-Ибаха» (164 бет).
¹Мағынасы белгісіз сөздермен жазылған тұмар:
Қосымша: «... тұмар тағу – ширк» деген хадистің түсіндірмесін мына жерден және рұқсат туралы мына жерден оқи аласыз.