Yesterday

«Мен Аллаһ Елшісінен ﷺ намаздағы бұрылу (жан-жағына қарау) туралы сұрадым. Сонда ол айтты: «Бұл — шайтан құлдың намазынан ұрлап алатын бір бөлігі».

Айша анамыз (Аллаһ одан разы болсын) риуаят еткен хадисте айтты:

«Мен Аллаһ Елшісінен ﷺ намаздағы бұрылу (жан-жағына қарау) туралы сұрадым. Сонда ол айтты: «Бұл — шайтан құлдың намазынан ұрлап алатын бір бөлігі».

Шейх Мухаммад Әли ас-Сабуни әл-Ханафи өзінің «әш-Шарх әл-муяссар ли-Сахих әл-Бухари» кітабында (751-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:

Хадистің түсіндірмесі:

Бұл хадисте намазда жан-жағына қараудан сақтандыру бар¹. Өйткені бұл — ықыласты (хушуғты) жояды және намаз оқушыны Раббысымен сырласып тұрғанына мән бермейтін адам секілді етеді. Ал ол — Ұлы әрі Жоғары Аллаһпен тілдесіп тұр.

Мұндай бұрылу — шайтанның мүміннің намазынан «ұрлап алуына» себеп болады. Өйткені шайтан аңдып тұрғандай, намаз оқушының бір қателігін күтеді. Егер намазда бұрылса, сол сәтті пайдаланып, оның айналасында айналып, оны Аллаһтан алыстатуға тырысады — уәсуәсә, немқұрайлылық және бос нәрселермен айналыстыру арқылы.

Хадисте келген:

«Егер адам намазға тұрса, Аллаһ оған (рақымымен) бет бұрады. Ал егер бұрылса, Аллаһ айтады: “Ей, Адам баласы! Кімге бұрылдың? Менен жақсырақ біреуге ме?”» (әл-Баззар риуаят еткен).

Сондай-ақ Пайғамбарымыз ﷺ айтты:

«Құл намазында тұрған кезде, жан-жағына қарамаған күйінде болса, Аллаһу Тағала оған бет бұрып тұрады. Ал егер құл бұрылса, Аллаһ одан теріс бұрылады» (Әбу Дауд, ән-Нәсәи).

¹Намазда бұрылудың түрлері және оған қатысты үкімдер:

– Көзінің қырымен қарау — рұқсат, алайда оны тәрк еткен абзал; – Жүзін бұру — мәкруһ; – Төсімен құбыладан бұрылу — намазды бұзады.