Уаһабилердің әлсіз хадистерді ақида саласында дәлел етіп алуға рұқсат берулері
Уаһабилердің көбісі әһлу сунна иелерін фиқһи мәселеде әлсіз хадистерге жүгінеді деп кінәлайды. Бірақ өздерінің шейхтары әлсіз хадис пен асарларды тіпті ақида мәселесіне алатындарымен хабарлары жоқ. Сол себепті олардың шейхы Ибн Абдул-Уаһаб ақида жөнінде жазған «Китабу ат-Таухид» кітабы әлсіз, өте әлсіз және тәрк етілген хадистерден тұнып тұр (бул туралы мына жерден оқи аласыз).
Төменде орыс тілді аудиторияда мәшһүр болған уаһабилік шейхсмақ «әлсіз хадистер мен асарлар ақидада дәлел» болатындығын дәлелдеп екі бірдей мақала жазған (әһлу сунна құзырында әлсіз хадситер ақида да дәлел бола алмайды). Төменде сол мақаладан үзінді:
«Сәнәді әлсіз деген хадистің немесе асардың мәтіні әлсіз дегенді білдірмейді және мұны кез келген хадис студенті біледі!
Өткен ғасырдың көрнекті ғалымы Хиамуд ат-Тувайжири, Аллаһ оны рахым етсін, өзінің «әл-Ихтиджәж би әл-Атар» атты еңбегінде:
«Хадис сахих болу шарты ол хадистің (тек) иснадының дұрыстығы емес»
Дәл осылай шейхул-Ислам «Мәджмуғу әл-Фәтәуә» және Ибн Қайим «Һәди әл-Аруада» еңбектерінде айтқан.
Содан кейін шейх Хамуд сөзін жалғастырды: «...Егер олар иснады сахих болмаған барлық хадистерді тәрк ететін босла, онда сүннеттің көп бөлігін қалдыруы керек еді».
Дәл осыны шейхул-Ислам «Мәжмуғу әл-Фәтәуә» кітабында айтқан.
Тағы да еске сала кетейін: мәтіні Ислам іліміне қайшы келмейтін әлсіз асарлар ақидаға қабылданады.
Және олар туралы Ибн Хаджар, ән-Нәуәуи, Ибн әл-Джәузи және тіпті әл-Бәйһақидің не айтқаны маңызды емес, өйткені олар біздің оларға деген сүйіспеншілігімізге қарамастан (уақыттық және идеологиялық өлшемде) сәләфтерден емес!».
Сондықтан бізге «самый достоверный хадиспен» жүруді үйретпес бұрын, бірінші өз ақидаларыңызды әлсіз хадистерден тазалап алсаңыздар!
Амал мәселесінде әлсіз хадистерге амал ету туралы мына жерден оқи аласыз.