«Мен Аллаһ Елшісінен ﷺ намаздағы бұрылу (жан-жағына қарау) туралы сұрадым. Сонда ол айтты: «Бұл — шайтан құлдың намазынан ұрлап алатын бір бөлігі».
Айша анамыз (Аллаһ одан разы болсын) риуаят еткен хадисте айтты:
«Мен Аллаһ Елшісінен ﷺ намаздағы бұрылу (жан-жағына қарау) туралы сұрадым. Сонда ол айтты: «Бұл — шайтан құлдың намазынан ұрлап алатын бір бөлігі».
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди өзінің әйгілі «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» кітабында (982-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:
(«Мен Аллаһ Елшісінен ﷺ намаздағы бұрылу (жан-жағына қарау) туралы сұрадым). Яғни, жүздімен бұрылу — мәкруһ. Ал тек көздің қиығымен қарау — рұқсат, бірақ абзалы — оны да тастау. Ал егер кеудесі құбыладан бұрылып кетсе — намазы бірауыздан жарамсыз болады.
Кейбір ғалымдар айтқан: кім оңға-солға бұрылса, одан хушуғ кетеді. Ал хушуғ — көпшілік ғалымдарда намаздың кемелдігіне, ал кейбірінде оның дұрыс болуына әсер етеді.
«Құл намазында тұрған кезде, жан-жағына қарамаған күйінде болса, Аллаһу Тағала оған бет бұрып тұрады. Ал егер құл бұрылса, Аллаһ одан теріс бұрылады».
( Сонда ол айтты: «Бұл — шайтан құлдың намазынан ұрлап алатын бір бөлігі»). Яғни, (хадистің арабша нұсқасында келген) «اختلاس» (сөзі) — тез арада жұлып алу, ұрлап алу деген мағынада. Шайтан оны осы әрекетке итермелеп, намаздың кемелдігін азайтады.
«Егер адам оңға-солға бұрылса, бірақ кеудесі құбыладан бұрылмаса — намазы бұзылмайды, алайда шайтан оның намазының кемелдігін (сауабын) азайтады. Ал егер кеудесі бұрылса — намазы бұзылады».
«Бұл мағынаға дәлел — «…Ал егер құл бұрылса, Аллаһ одан теріс бұрылады» деген хадис. Бұл — Аллаһтың рақымының бет бұруы тоқтайтынын білдіреді».
Кейбір ғалымдар: «Егер адам мұны әдейі, қажеттіліксіз жасаса — харам болуы мүмкін» деген.
Ал хадисте келген: Пайғамбарымыз ﷺ ауырған кезінде отырып намаз оқыды, сахабалар артында тік тұрды, сонда ол оларға бұрылып ишара жасады.
Сондай-ақ Пайғамбарымыз ﷺ таң намазында (көзінің қырымен) бір жаққа қарап тұрған — ол жерге күзет үшін бір атты жіберген еді.
Сондықтан кейде көздің қырымен қарауға рұқсат бар. Тіпті хадисте:
«Пайғамбарымыз ﷺ (жүзін сәл бұрып) оңға-солға қарайтын, бірақ мойнын бұрып артқа қарамайтын» — деп келген.
Алайда абзалы — мұның бәрін тастау. Пайғамбарымыз ﷺ мұны тек рұқсат екенін көрсету үшін жасаған.