Ауыздағы жағымсыз иіс белгілі бір себептен шықпайды. Оған түрлі аурулар әсер етуі мүмкін. Балапаныңыздың аузынан жағымсыз иіс шықса, дереу педиатр, гастроэнтеролог және стоматолог дәрігеріне тексертіңіз. Кей жағдайларда психологиялық ауруларға бейім жандардың да аузынан жағымсыз иіс шығады. Егер балаңыздың аузынан жағымсыз иіс шықса, онда балаңыздың бір мүшесі ауырады деген сөз. Сондықтан да сәбиіңізді жалпы сараптамадан өткізіп, тексертіп алғанның артықтығы жоқ. Егер сараптама нәтижесі оң шығып, ешқандай ауру анықталмаса, онда ауыз қуысының тазалығына мән берініз.