Күлкіге қалған Уолл-стрит
Жеке инвесторлар тарихта ерекше биржалық жарысты қалай ұйымдастырды
COVID-19 пандемиясы АҚШ экономикасына ауыр соққы болды. 2020 жылдың сәуірінде өзін-өзі оқшаулауға көшу салдарынан небәрі бір айдың ішінде 20,5 млн-ға жуық адам жұмысынан айырылды.
Халықты қолдау үшін үкімет орасан қаражат бөлді, олар жұмыстан босатылған америкалықтарға $1200-ге (көктемде-жазда), содан кейін $600-ге ай сайынғы дербес чектер түрінде жетіп жатты.
Локдаун кезеңінде мемлекеттік субсидиялар есебінен америкалықтар қор нарығына жаппай инвестициялау басталды. Ең төменгі бәс тігулер жағдайында тек ірі компаниялардың акцияларына ғана емес, сондай-ақ танымалдығы әлдеқайда аз қағаздарға өтімділіктің ағыны күшейді. Іргелі себептерге негізделмеген мұндай қарқынды өсу феномені Meme Stocks деп аталды.
Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ
«Мемдік» деп сауда белсенділігі жарқылы әдетте Reddit, Twitter және басқалар секілді әлеуметтік желілерде жандана түскен талқылаулармен қуатталатын компаниялар акциялары аталады. Нақты қағаздар төңірегіндегі дау жекеменшік инвесторларды баға белгіленімдерінің өсетініне үміттеніп, оны сатып алуға иландырады.
Биржалық қоғамдастық осы тренд қызып тұрған шақта хедж қорлар ашқан қысқа жайғасымдарының көлемі едәуір (Short Interest) құралдарды ұнатады. Бұған қарама-қарсы трейдерлер бірігіп, ойыншыларды өз шорттарын жабуды төмендетуге, қағазды түгел сатып алуға мәжбүрлеп, сол не басқа акцияны сатып алуға бірігіп келіседі. Бұл бағаның секіруін қоздырып, «шорттар көлемін сығымдау» (short-squeeze) деп аталатын нарық жағдайын туғызады.
Жекеменшік трейдерлердің ең танымал әрі бір мезгілде ықпалды қоғамдастығы WallStreetBets деп аталатын Reddit-тегі форумның тармағы болды. Оған қатысушылар ірі қаржы ұйымдары мен хедж қорларды олардың проблемалық компаниялар акцияларын үнемі шорттайтынын сынға алды. Олардың баға белгіленімдері 2020-2021-жылдары егер бөлшек инвесторлар ортақ мақсатқа бірікпесе, нарықта не болатынын көрсетті.
Маңызды шарықтау
Алғашқы «мемдік» мәртебеге GameStop (GME) компьютерлік ойындар мен қосымшалар сату жөніндегі америкалық бөлшек желісінің акциясы ие болды. Оның қағаздары жылдар бойы бизнестің әлсіз қаржы көрсеткіштері мен бұлыңғыр келешегін көрсетіп, бәсеңдеген трендте болды. 2020 жылдың тамызында GameStop бір акция үшін $5 саудаланды, ал 2021 жылғы қаңтардың соңына қарай баға белгіленімдері рекордтық $483 дейін шарықтап, 10 000% жуық өсім көрсетті.
Осы қағаздарда шоттар ұстаған хедж қорлар орасан залал шекті. Өз кезегінде брокерлер өз клиенттеріне GameStop акцияларымен саудаласуға қолжетімділікті шектей бастады, бұл баға белгіленімдерінің күрт құлдырауына әкелді: бір аптаның ішінде олар $40-қа кері кетті.
Осыған ұқсас жайт AMC Entertainment (AMC) кино-театрлар желісімен болған еді, ол кезде жекеменшік инвесторлар оның баға белгіленімдерін өсіре бастаған. Желтоқсанның аяғында қағаздар $2 сәл жоғары саудаланды, ал 2021 жылғы маусымда тарихи жоғары деңгейге $72,62 жетті. Уақыт өте келе дүрбелең басылып, қағаздар 90% астамын жоғалтты.
Бұл жағдайды $1,5–1,7 млрд-қа қағаздарды қосымша орналастырған компаниялар басшылары пайдаланып қалды. Кейбір топ-менеджерлер бұл белсенді өсудің таяуда аяқталып, өз пакеттерінің ешқашан соншалықты қымбат тұрмайтынын түсініп, өз акцияларының бір бөлігін жақсы бағаға сатуға асықты.
Ойынды доғар
Сарапшылар «мемдік» жарыстардың қайта оралатынын болжамдамайды, өйткені нарықтағы іргелі шарттар өзгерген. Америкалық реттеуші қаржы жүйесінен өтімділікті алып тастап, монетарлық саясатты қатаңдатты. АҚШ-та ковидтік чектерді енді ешкім алмайды. Одан бөлек, Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия баға белгіленімдерінің «мемдік» өсуінің, соның ішінде брокерлік инфрақұрылымдар деңгейінде қайталану мүмкіндігін шектейтін болады.
Алайда Reddit форумына қатысушылар мен Уолл-стрит алпауыттарының текетіресі биржалық жылнамада пандемия кезеңіндегі аса жарқын оқиғалардың бірі ретінде жазылды.