Оларсыз ас әзірлеу мүмкін емес
Тағам өнеркәсібі жабдықтары нарығында трендтерді кімдер жасайды
Өнімдердің қалай өндірілетіні туралы ойланатын адам кемде-кем. Бастысы, олардың сапалы, жаңа әрі дәмді болуы. Дегенмен, тағам өнеркәсібіне арналған жабдықтар нарығы машина жасаудың маңызды сегменттерінің бірі болып табылады. Ол қалай құрылған және онда қандай компаниялар көш бастайды, енді осыны талқылап көрейік.
Бір жағадан - бас, бір жеңнен - қол
Absolute Reports агенттігі 2021 жылы тағам өнеркәсібіне арналған жабдықтардың әлемдік нарығының көлемін $160,09 млрд-қа бағалаған, ал жеті жылдан кейін, 2028 жылға қарай бұл бағалауды $228,2 млрд-қа дейін артады деп болжайды, бұл жыл сайын өсім кем дегенде 5,2% болады дегенді білдіреді. Дамушы елдердегі индустрияда шағын ойыншылар үстемдік етеді, ал АҚШ пен Еуропада тағам өнеркәсібі жабдықтары нарығын бірқатар ірі корпарациялар ертеден-ақ өзара бөліп алған.
Ішкі ас үй
Тағам өнеркәсібі жабдықтары негізгі үш санатқа бөлінеді:
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына арналған жабдықтар бөлек сегмент болып табылады.
Іс жүзінде барлық зауыттарда өнімдерді мұздату, пісіру, қуыру, қайнату, буда дайындау және қажетті температурада ұстау үшін жылу машиналары қолданылады.
Тағам өнімдерінің балғындығын сақтау үшін қуаты 15 кВт-тан асатын ірі көлемді агрегаттар – тоңазыту құрылғылары қажет.
Жылу айырбастағыштар тұтқыр өнімді пастерлеу, жылыту, салқындату және жылумен өңдеу үшін қолданылады.
Сепараторлар ашымал сүт өнімдерін өндірген кезде қатты фракциясын сұйығынан бөліп алу, өсімдік майын тазарту, сыраны түссіздендіру үшін қажет.
Сорғылар тағам өнеркәсібінде дайын сұйықтықтар мен тұтқыр өнімдерді сақтау және әрі қарай қаптау үшін ыдыстарға айдау үшін пайдаланылады.
Енді барлық осы техниканың жетекші өндірушілері туралы әңгімелейтін боламыз.
Еуропалық компаниялар: пісіп-жетілген, бірақ инновацияларға ашық
Шведтік Alfa Laval Group-ты (ALFVY) 1883 жылы әйгілі инженер, өнертапқыш әрі кәсіпкер Густав де Лаваль мен оның серіктестері құрған. Бастапқыда компания тек оның негізін қалаушы патенттенен сүт саласына арналған сепараторларды ғана өндіретін. Бүгінде Alfa Laval Group — аты әлемге танылған ірі әртараптандырылған машина жасау корпорациясы. Оның негізгі өнімдері — жылу айырбастағыш, сепарациялау және ағын өткізгіш жабдықтар. Олар сыра, сүт, қант, өсімдік майларын, сондай-ақ фармацевтикалық препараттар өндіру үшін қолданылады. Топ өз өнімдерін әлемнің 100 елінде сатады, 11 мыңнан астам қызметкерлер штатымен Еуропада, Азияда және АҚШ-та 20 зауытқа иелік етеді. Топтың 2021 жылғы түсімі пандемияның салдарынан 1,4% ж/ж-ға азайып, $4,52 млрд-ты құрады. Сонымен бір мезгілде таза пайда 34%-ға, $532 млн-ға дейін ұлғайды. Alfa Laval Group-тың акциялары Стокгольм қор биржасында сатылады, ал оның депозиттік қолхаттары АҚШ-тың биржадан тыс нарығында айналымда.
Немістің GEA Group (G1AG) компаниялар тобының тарихы 1881 жылы Майндағы Франкфуртте басталған. Ол кезде компания металлдар биржалық нарығында сатушы болған. Өткен ғасырдың басында оның иелері бірқатар металлургиялық, машина жасау және химия кәсіпорындарының акцияларының бақылау пакеттерін, сонымен бірге АҚШ-та мұнай-газ активтерін сатып алды. 2005 жылы компания GEA Group болып қайта аталып, тағам, фармацевтикалық, биотехнологиялық және мұнай-газ өнеркәсібі жабдықтарын өндіруге бағдарланды. Корпорация тағам өнеркәсібі үшін сорғылар, клапандар, сепараторлар ұсынады. 2021 жылы топтың өзінің бағалауынша, әлемдегі сыраның әрбір екінші литрі, сүттің әрбір төртінші литрі, сонымен бірге ерітілетін кофенің үштен бірі GEA Group-тың жабдықтарымен өндірілген немесе қайта өңделген.
2021 жылы топтың түсімі 1,5%-ға, $5,35 млрд-қа дейін өсті, таза пайда бір жыл бұрынғы залалмен салыстырғанда $347 млн-ды құрады. Компанияның акциялары Неміс биржасының Xetra электронды жүйесінде, сонымен бірге Лондондағы биржадан тыс нарықта сатылады.
Саланың ең жас, әрі Еуропа үшін маңызды инновациялық және жоғары технологиялық ойыншысы — Krones (KRNG) 1951 жылы соғыстан кейінгі Германиядағы экономикалық серпіліс аясында пайда болды.
Бүгінде корпорация тағам өнеркәсібіне арналған неміс және жалпыеуропалық нарығының көшбасшыларының біріне айналды. Krones сусындарды, сұйық және жартылай қаты тағам өнімдерін толтыруға және қаптауға арналған машиналар мен жиынтық желілерді өндіреді, тағам өнеркәсібі, соның ішінде логистика және интралогистика (жүктерді кәсіпорын немесе қойма ішінде жылжыту) саласындағы кәсіпорындар үшін цифрлық шешімдермен шұғылданады. Сонымен бірге Krones утилизирует полиэтиленді ыдысты (ПЭТ) кәдеге жаратып, оны жаңа ПЭТ-бөтелкелер өндіру үшін шикізатқа қайта өңдейді. Компанияда 12 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.
2021 жылы концерннің түсімі 9,4%-ға, $4,13 млрд-қа дейін өсті, ал оның 2020 жылғы теріс мәнді пайдасы $2,6 млрд-қа дейін көтерілді. Компанияның акциялары Неміс биржасында сатылады.
Исландиялық жабдықтар өндірушісі Marel-ді(MARL) 1983 жылы Исландия астанасында жас инженерлер тобы құрған. Бастапқыда компания балық өңдеу кәсіпорындарына заманауи технологиялық шешімдер жеткізіп берді, ал 1990-жылдардың басында өндірістік желіге ет өңдеуге және құс шаруашылығына арналған жабдықтарды қосты.
Marel-дің әлемнің 30 елінде өкілдіктері мен сервис орталықтары бар. 2021 жылдың қорытындылары бойынша оның түсімі 10%-ға, $1,55 млрд-қа дейін көтерілді, ал таза пайдасы жылма-жыл аздап қысқарып, $109 млн-ды құрады. 1992 жылы Marel Исландия қор биржасында осы алаң үшін аса ірі ІРО-нің бірін өткізді.
Америкалық компаниялар: әртараптандырудағы табыс
1988 жылы негізі қаланған Middleby (MIDD) корпорациясы бүгінде АҚШ-тың асүй және өнеркәсіптік жабдықтар, сондай-ақ тұтқыр тағамды қайта өңдеуге, тағам өнімдерін жылумен өңдеуге және қаптама дайындауға арналған техника өндіретін ірі компанияларыынң бірі болып табылады.
Оның жабдықтары негізінен ет өңдеуде, майлар мен сусындар өндірісінде пайдаланылады. Middleby сонымен бірге пицца дайындауға арналған конвейерлік пештер нарығында да көш бастап тұр. Компанияның өкілдіктері әлемнің 100 елінде жұмыс істейді. 2021 жылы түсім 29%-ға, $3,25 млрд-қа дейін ұлғайып, таза пайда 136%-ға, $488,49 млн-ға дейін өсті. MIDD акциялары NASDAQ-та сатылады.
John Bean Technologies Corporation (JBT) — америкалық тағам өнеркәсібіне арналған жабдықтардың байырғы өндірушілерінің бірі Компанияның штаб-пәтері Чикагода орналасқан. Калифорниядан шыққан бағбан Джон Бин фирманың негізін 1884 жылы қалаған, бастапқыда ол жеміс бақтарында тыңайтқыштар мен инсектицидтерді тозаңдатуға арналған сорғылар дайындады, бұл оған алғашқы коммерциялық табысты қамтамасыз етті. 1920-жылдардың соңында компания бірнеше машина жасау зауыттарын сатып алып, өндірісін кеңейтті, нәтижесінде АҚШ-тағы саланың ірі өкілдерінің біріне айналды.
Қазіргі кезде JBT-ға екі ірі бөлімше — Food Tech және Aero Tech кіреді. Бірінші бағыт тағам өнеркәсібіне арналған жабдықтар шығаруға маманданған, ол жиынтық түсімнің 2/3 астамын қамтамасыз етеді, екінші бағытты әуе тасымалдарына арналған тиегіштер өндіреді. JBT Corporation-нің 2021 жылғы жиынтық түсімі 8%-ға, $1,87 млрд-қа дейін өсті, таза пайда 8,3%-ға, $118 млнға дейін ұлғайды.
1912 жылы құрылған SPX Corporation (SPXC) бизнесті әртараптандырудың жоғары дәрежесімен сипатталады. Корпорация жылыту, тазарту және кептіру жабдықтарын, сондай-ақ өнеркәсіптің түрлі салаларына арналған жабдықтаушыларды өндіреді. Тағам өнеркәсібі секторы 2015 жылы бөлек SPX Flow (FLOW) компаниясы болып бөлініп шықты.
Биылғы жылы кәсіпорын қаржы көрсеткіштерін жариялаған жоқ, ал 2021 жылы оның түсімі 13,3%-ға, $1,53 млрд-қа дейін өсіп, таза пайда 10 есе, $67 млн-ға дейін ұлғайды.
Алпауыттар дәуірі
Тағам өнеркәсібі жабдықтарының әлемдік нарығында Еуропаның және АҚШ-тың әртараптандырылған ірі машина жасау компаниялары көш бастап келеді. Олардың көбісі түрлі салалар үшін өндірістік қондырғылар жеткізіп беруде. Ірі корпорацияларға өз клиенттерімен оңтайлы өзара іс-қимыл жасау үшін бүкіл әлем елдерінде өкілдіктер ашып, немесе тіптен зауыттар сатып алып және тұрғызып, жеткізілімдердің жаһандық тізбегін құру оңай.
Нарықтың пайда болған құрылымы таяудағы ондаған жылдарға сақталуы бек мүмкін. Егер жаңа ірі ойыншылар салаға инновациялық технологиялар ұсынып жатса, мұнда исландиялық Marel секілділердің пайда болуы ықтимал.