Американша шопинг
АҚШ-тың ірі өнімдер ретейлерінің үздік ондығына кімдер кіреді
Америкалық супермаркеттер нарығы айтарлықтай тұрақты. Көптеген жылдар бойына мұнда бір ойыншы ғана үстемдік етті. Дегенмен пандемия мен технологиялық прогресс осы күштердің арақатынасын өзгертті.
Бұл мақалада біз америкалық бөлшек сауда желісінің ірі ойыншыларының ондығын қарастырамыз.
- Walmart Inc. (WMT). 5,5 мыңға жуық дүкеннен құралған желісімен тағам өнімдері сатылымдарының көшбасшысы, олардың кассалары арқылы өтетін әр төртінші доллар ретейлде. 2021 жылы компания өзіне тиесілі Sam's Club желісімен бірге $467 млрд долларға тағам сатты.
- Amazon (AMZN). Whole Foods офлайн-ретейлерді сатып алғаннан кейін Amazon компаниясы дәстүрлі бөлшек сауда ойыншыларының қатарын толықтырды. Коронавирус індеті кезінде күшейе түскен тренд онлайн-шопингте Amazon-ды көлемі жағынан Штаттарда екінші бөлшек өнімдер желісіне айналдырды, оның құрамынды бүгінде 662 дүкен бар. 2021 жылы ретейлер сатқан азық-түлік өнімдерінің көлемі $239 млрд-тан асты. Компанияның маңдайшасымен бүгінде Whole Foods Market, Amazon Go, Amazon Fresh, сонымен бірге Amazon Go Grocery жұмыс істейді.
- Costco Wholesale Corporation (COST). АҚШ-тағы Costco желісінде 564 дүкен бар, олар онлайн-сегментпен бірге өткен жылы $141 млрд түсім түсірген. Одан бөлек, компания Канадада $27 млрд пайда тапқан. Аса тиімді ұсыныстар іздеуде сатып алушылар көбінесе Costco-ның пайдасына таңдау жасайды. Оның 2021 жылы АҚШ-та азық-түлік тауарлары сатылымдарынан кірістері 2020 жылдың деңгейімен салыстырғанда 15%-дан астам өскен.
- The Kroger (KR). Kroger өнімдер дүкенінің 2021 жылғы түсімі 4% ж/ж өсіп, $113 млрд-тан асқан. Компания Kroger, Harris Teeter және Smith's брендтерімен жұмыс істейтін 2726 дүкенді басқарады. Kroger желісінің негізгі ерекшелігі — жаңа өнімдердің, сондай-ақ дайын тамақтың және өз брендімен сатылатын тауарлардың кең ассортименті.
- Albertsons (ACI). 2021 жылы Safeway, Albert- sons және Vons маңдайшаларымен жұмыс істейтін 2,278 мың дүкеннен құралған желі $71 млрд түсім тапқан.
- Ahold Delhaize USA (AD-NL). Нидерландта негізі қаланған және Штаттарда Food Lion, Stop & Shop, Hannaford және Giant брендтерімен 2 мыңнан астам супермаркеттер басқарылатын халықаралық желі. Ретейлердің 2021 жылғы АҚШ-тағы түсімі $53,7 млрд-ты құраған.
- Publix Super Markets. Негізінен желі дүкендері, олардың елдегі жалпы саны 1,293 мыңды құрайды, АҚШ-тың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Компанияның 2021 жылғы түсімі $48 млрд-ты құрады.
- H.E. Butt Grocery Company. H-E-B — 420 дүкеннен құралған жекеменшік желі, 2021 жылғы болжалды табысы $34 млрд көлемінде.
- Meijer. Мичиганда, Огайода, Индианада, Иллинойсте, Кентукки мен Висконсинде жұмыс істейтін түрлі форматтағы 258 өнімдер дүкенінен құралған желі. Ретейлердің қаржы көрсеткіштері ашық көрсетілмейді, алайда, Foodindustry талдау агенттігінің бағалауынша, Meijer-дің 2021 жылғы түсімі $25 млрд-тан асқан.
- Target Corporation (TGT). Target желісі өз бизнесінің тағам бағытына, атап айтқанда жаңа өндірілген өнімдер мен өз маркісімен шығарылатын тауарларға ірі инвестициялар жасады. Super Target пішінінде даму есебінен ретейлер АҚШ-та азық-түліктің жетекші сатушысына айналды, ал оның дүкендерінде сатылған тағам өнімдерінің жалпы көлемі 2021 жылы $21 млрд-тан асты.
Пайдалы консерватизм
Amazon соңғы екі жылда өнімдер дүкендері сегментінде төңкеріс жасағанымен, тұтастай алғанда бөлшек сауда секторы тұрақты болып қалады және оған қатысушылардың үлестері болмашы өзгереді.
Саланың көп жылғы көшбасшысы Walmart пен жас Amazon және басқа желілер технологиялық инновацияларды белсенді ендіруде, бірақ сектордан елеулі өзгерістерді күтудің жөні жоқ, өйткені тағам өнімдерін таңдау мәселесінде тұтынушылар брінші кезекте бағаға және өздерінің тұрақты әдеттеріне бағдарланады.