January 12, 2023

Сарапшыларға сөз

«Қаржыгердің» өтініші бойынша сарапшылар мен азық-түлік өнімдерін өндірушілер өз сегменттеріндегі негізгі трендтер туралы әңгімелейді

Біздің компанияның миссиясы — адамдардың саулығын арттыратын жоғары сапалы тағам өнімдерін өндіру. Біздің басты міндетіміз - осы биік межені ұстап қалу болып қала береді, оған қоса сүт саласының негізгі ерекшеліктерінің бірі – оның жоғары құбылмалылығы, климаттық фактордан саяси факторға дейін ең саналуан факторлардың ықпалына ұшырағыштығы. Бұл нарықта табысты бинес құрып, өз қағидаттарыңа адал болып қалу үшін сценарийлерді жоспарлау кезеңінде-ақ ойластырған маңызды.

2022 жыл бизнес үшін жаңа жағдайларға жедел бейімделуге дайындықтың сынағы болды. Жылдың алғашқы жартысында біз шикізат пен ингредиенттер жеткізілімдерінің тізбегін қайта құрып, қаптаманың балама жеткізушілерін іздедік, айтарлықтай өсіп кеткен тасымалдау құнының ықпалын жойдық. Біз міндеттерді лайықты еңсере білдік, ал жағдай көбінше тұрақталды.

Басқа сегменттердің ойыншылары секілді біз де тұтынушылардың шығыстарын қысқарту трендін белгілеп жүреміз. Үнемдеу тәсілдерінің бірі қызба сатып алулар санын қысқартуға мүмкіндік беретін онлайн-шопинг үлесінің өсімі болды. Интернет-сауда компаниялары қауымдастығының мәліметінше, бірінші жартыжылдықта онлайн-сатылымдар 43%-ға өскен. Пандемия толқынында күшейе түскен денсаулықтың қамын ойлау тренді сақталуда. Үнемдеуге тырысуға қарамастан, адамдар өзін еркінсітудің аса қолжетімді тәсілдерін іздейді. Біз мұны өз ассортиментімізден де сезініп жүрміз: тоқбасарлық дәмі қанық әрі майдың құрамы жоғары Viola Laplandia йогурттары желісіне қызығушылық жоғары.


Біз үшін биылғы жылдың басты тренді — импорттың қатаң шектелуінен отандық өнімдер мен алкогольді жеткізушілермен ынтымақтастықтың кеңеюі. Сөйтіп, ынтымақтас елдерден жеткізілімдер үлесі орташа алғанда 5%-ға, ал отандық өнім берушілерден сатып алулар үлесі 7%-ға өсті. Өзгерістер көбінесе бар мәзіріне қатысты болды: мұнда Қырым шараптары, отандық екі жаңа арақ бренді мен ликердің бірнеше түрі пайда болды. Шетелдік бірқатар ірі өндірушілер Ресей нарығынан кетті, «Якиториядағы» отандық алкогольдің үлесі 5–10%-ға ұлғайды. ТМД-дан келетін өнімдерді есепке ала отырып, біз жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 30–40%-ға өседі деп болжап отырмыз.

Біз сонымен бірге пандемиядан кейін тұтынушылық белсенділіктің біртіндеп қалпына келіп жатқанын байқап жүрміз. Ресторандардағы келу саны 2021 жылмен салыстырғанда 3–5%-ға ұлғайған, алайда орташа чек төмендеп барады.

Ішкі туризмге сұраныстың күшеюі «Якиторияның» өңірлердегі, әсіресе елдің оңтүстігіндегі және Калининградтағы ресторандарына келушілер санының өсуіне әкелді. Сөз реті келгенде айтарым, бұрын жаз бізде нашар маусым болып есептелетін.

Ақырында, клиенттер ниеттестік бағдарламасына, ресторандарда өткізілетін акцияларға қуана қатысатын болды. Бұл тұтынушылардың шығыстарын барынша көп бақылауға тырысуына байланысты. Жеңілдіктер мен акциялар ресторандарға келушілер санын арттырады.


Соңғы жылдары әлемдік экономикада, соның ішінде аграрлық секторда жаһандану үстемдік етті. Осы кезең ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар арасында салыстырмалы түрде берік байланыстар қалыптасты.

2022 жылы геосаяи шиеленіс қалыптасқан қарым-қатынастарды қайта құру процесін бастады. Оның қашан аяқталатынын, қаншалықты ауыр болатынын және неге әкелетінін болжау әзірге қиын. Егер Ресей нарығы туралы айтатын болсақ, онда бұл нарық бұрын да жоғары тұрақсыздығымен сипатталатын, ал болып жатқан өзгерістер оны тек күшейте түсуде. Отандық агроөнеркәсіптің басты проблемасы — жеткіліксіз технологиялық дербестік және, соның салдарынан, шетелдік техника, жабдықтар, жабдықтаушылар мен қосалқы бөлшектер, ұрық және асыл тұқымдық материалдың шетелдік жектізілімдеріне тәуелділік. Тауар қозғалысының қалыптасқан логистикасының бұзылуы белгісіздікті өршітіп, материалдық-техникалық және басқа ресурстардың қымбаттауына түрткі болады, ауыл шаруашылығы мен өнімдер нарығында бағаның құбылмалылығын арттырады.

Алайда бұл проблемаларды шешуге болады: ресейлік аграршылар логистикалық тізбектерді қайта құрып, әзірге отандық аналогтармен алмастыруға болмайтын ресурстарды сатып алу үшін жаңа өнім берушілер мен баламалы жолдарды табуда. Сонымен, бір мезгілде ішкі өндіріс те даму үстінде. Мемлекет технологиялық дербестік проблемасын шешуге жәрдемдесуде.

Мен біздің аграрлық сектордың келешегін оптимистік тұрғыда бағалаймын. Таяу уақытта, әрине, қиындықтар болуы ықтимал, алайда оның бәрін еңсеруге болады. Экономикалық қатынастардың жаңа түріне көшу қолайлы аяқталады деп сенемін. Ресей — түрлі ауыл шаруашылығы салаларының даму мен сапалы әрі табиғи тағам өнімдерін өндіру үшін әлемде табиғи ресурстар бойынша ең бай ел. Бұл әлеуметті және бәселестік артықшылықтарды іске асыруға тырысу қажет.


Біз бірегей дәмі бар табиғи өнімдер өндіреміз және бізбен бірге пайдалының бәрі дәмді болады деп әркез айтып жүреміз, өйткені адамдар денсаулыққа қамқорлық пен сүйікті тәттілердің арасынан таңдау жасамауы қажет.

Біз қарақұмық шайы санатын дайындап, салмағы 20 гр шоколад текшесін шығардық, әйгілі шоколад брендтеріне бәсекелес бола алдық. Бұл нарық үшін мүлдем жаңа формат болды. Осылайша, біз тек жаңа өнімдер шығарып қана қоймаймыз, сонымен бірге тұтастай алғанда индустрияны да дамытып, трендтер белгілейміз, әрі қарайғы әзірленімдер үшін жаңа бағыттар құрамыз деп айтуға болады. Федералдық бөлшек желілер өз сөрелеріндегі табиғи әрі пайдалы өнімдердің үлесін белсенді түрде кеңейтуде. Ал біздің өнімдер СӨС сегментіне де, снектер мен тәттілер санатына да жатады. Бұл бізге бірден екі тауар тауашаларын қамтуға мүмкіндік береді.

Пайдалы тіске басар өнімдер мен пайдалы тәттілер HoReCa-ны (қонақ үй-ресторан индустриясы) қызықтырды. Біз бұл үрдіс күшейе беретін болады деп топшылап отырмыз.

Тағы бір перспективалық тренд — ресторандық коллаборациялар, олардың аясында қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары өнімдер маркілерімен және басқа сегменттердің брендтерімен бірге сеттерді, «спешлдерді» немесе тіптен бөлек мәзірлерді іске қосуда.

Біз ресейлік брендтерге, соның ішінде ТМД және Таяу Шығыс елдерінде сенімнің артып келе жатқанын көріп отырмыз, бұл біз үшін жаңа өткеру арналарын ашады.


«Келешектің Аграрлық Технологиялары» — Ресейдегі қосымша химиялық өңдеусіз өсімдіктердің өсуі үшін оңтайлы жағдайлар қамтамасыз ететін ағынды гидропоника технологиясын пайдаланатын алғашқы кәсіпорын. Хабаровскідегі зауытта өсірілген жапырақты салаттар мен дәмтатымдық шөптерді біз бүкіл Қиыр Шығысқа жеткізіп береміз.

Біз өз өнімдерімізді сатып алушылардың арасынан функционалдық және қауіпсіз тағам трендін, Ultra Fresh санатына және бүтіндей алғанда бағамен арақатынасында өнім сапасына жоғары талаптарды байқап жүрміз.

Вертикалдық өсіруде және сити-фермерлік сегментінде басты үрдіс — салаға қызығушылықтың артуы. Ресейде өнеркәсіп өндірісі деңгейінде жұмыс істейтін мамандар өте-мөте жетіспейді, жүйелі бейінді білім беру де әзірге жоқ.

Сити-фермерлік кәсібі дамудың бастапқы сатысында тұр, сондықтан мұнда ең қызықтысы алда. Ол дәстүрлі ауыл шаруашылығы саласын толығымен алмастырмаса да, бірақ қалаларды Fresh және Ultra Fresh санатындағы саналуан әрі сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге сөзсіз үлесін қосады.


«ВкусВилл» — дұрыс тамақтануға арналған өнімдер бренді, тегін жеткізіп беру дүкендері желісі мен сервисі. 2022 жылдың қыркүйегінде желі Ресейде 1300-ден астам дүкенді, vkusvill.ru интернет-платформасын, мобилді қосымшаны қамтыды. Ретейлер «Сгоряча», «ВкусВилл Праздник», «Вкус-Мил» жобалары мен ірі b2b-жобаларды дамытуда.

Біз сапалы өнімдерді ұсынатын және бизнестің көлеміне қарамастан дамуға дайын 1500-ден астам өнім берушімен жұмыс істейміз.

Наурызда біз сақтау мерзімі ұзақ өнімдерге сұраныстың арта түскенін байқадық. Жеткізілімде әсіресе халықаралық брендтердің тауарлары жиналған «Супермаркет» бөлімі танымал болды. Сәуірдің басына қарай сұраныс тұрақтала бастады. Қазір сатып алушылар десерттер, экзотикалық жемістер мен көкөністерге, тұздықтар мен жеңсік астарға үнемдеуге бейім, оларға аса қолжетімді аналогтарды артығырақ көреді. Бұл ретте рационның саналуандығы мен сапасын сақтау үрдісі сақталуда, сондықтан шағын қаптамаларға сұраныс өсті, бұл шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Біз мұндайды ашық топырақта өскен көкөністер сегментінен байқадық. Олардың бағасы соңғы жылда өскен кезде, адамдар сол немесе басқа тағам үшін қажеттіні теңдей сатып алатын болды.