Өнім үшін күрес
Әлемдік тыңайтқыштар нарығындағы дағдарыстан кімдер ұтады
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы толығымен тыңайтқыштарға тәуелді. Калийсіз бұрышты да, қызанақты да, картопты да, құлпынай мен қарбызды да өсіре алмайсың.
Төмен өнімдер әдетте өнімдерге бағаның өсуінің алғышарттары болады, сондықтан әлемдік азық-түлік нарығы үшін аграршыларда жердің құнарлылығын қамтамасыз етуі үшін қажеттінің бәрі болуы өте-мөте маңызды.
Алайда бүгінде нарық өткір дағдарысты бастап кешіріп отыр: тыңайтқыштар бәріне бірдей жетпейді. Сұраныс пен ұсыныстың арасында теңгерімсіздік қалай пайда болды және онымен ақша табуға бола ма?
Дағдарыс па, әлде мүмкіндік пе?
Ресей — барлық түрдегі үстеме қоректерге (азот, фосфор және калий) әлемдік сұраныстың 5% қанағаттандыратын тыңайтқыштардың ең ірі әлемдік экспорттаушысы. Осы маңызды ресурстардың жеткізілімдері Шығыс Еуропада геосаяси шиеленісудің күшеюінен кейін бұзылды. 2022 жылдың алғашқы жеті айының ішінде Ресейде бір жыл бұрынғыға қарағанда тыңайтқыштар 26%-ға аз дайындалған.
Бұл кемшілікті америкалық Mosaic (MOS), CF Indsustries (CF), Bunge (BG), канадалық Nutrien (NTR), сондай-ақ еуропалық Yara иеленуге тырысуда. Дегенмен олар тыңайтқыштар ұсынысының жаһандық тапшылығын әзірге толтыра алмауда.
Сала үшін басқа келеңсіз фактор газ бағасының өзгеруі болып отыр. Құрылықтық Еуропа мен Ұлыбританияның ірі компаниялары шығарым көлемін қысқартатыны немесе зауыттардың жабылатыны туралы мәлімдеді. Тұтастай алғанда, біздің бағалауымызша, нарық 20 млн тонна тыңайтқышы немесе 10% жуығын толық ала алмай отыр.
Дағдарыс бенефициарлары арасында операциялары жаһандық сипат алатын өндірушілерді атауға болады. Бұл ең алдымен америкалық корпорациялар.
Солтүстік Америкадағы екеу
Жылдың басынан бері Америкадағы тыңайтқыштар өндірушілер индексі 21,9%-ға өсті, алайда компаниялар акцияларын инвесторлар орташа нарық мәндерінен төмен бағалап отыр: Р/Е коэффициенті (қағаз/EPS бағасы) S&P 500 индексінің құрамындағы акциялар бойынша орташа алғанда 17,2x салыстырғанда 10,7х деңгейінде ұсталып отыр. Бұл сектордың едәуір бағаланбай отырғанын дәлелдейді.
Біз 2022 жылдың қорытындылары бойынша компания түсімінің 50% өсуін болжамдап отырмыз, бұл ретте 2023 жылы және одан кейін олардың табыстары нарықтың тұрақтануына қарай құлдырайтын болады. Біздің фавориттеріміздің арасында — Nutrien (NTR) және Mosaic (MOS) бар.
Канадалық Nutrien 2018 жылы Potash Corp мен Agrium-нің қосылуы арқылы пайда болды. Бұл әлемде калий тыңайтқыштарының ірі өндірушісі және көлемі бойынша азот тыңайтқыштарының үшінші өндірушісі. 2021 жылы компания 27 млн тонна өнім өндірді. Бұдан бөлек, Nutrien — әлемде өсімдік шаруашылығына өндіріс және қызметтер құралдарын жеткізуші.
Nutrien қағазының дивидендтік табыстылығы 1,91%-ды құрайды, бұл сектордағы орташа көрсеткіштен аздап төмен. Дегенмен, Mosaic-та ол әлі де аз — небәрі 0,97%. Көлемі бойынша шағын төлемдер ұзақ мерзімді инвесторлардың көзінше компаниялардың тартымдылығын әлсіретеді.
Пайыздық мөлшерлемелердің өсу жағдайында сауда-саттықтарға қатысушылардың назарын аудару үшін екі эмитент акцияларды кері сатып алуды ұлғайтты. Алғашқы жартыжылдықта Nutrien buy back бағдарламасына $1,61 млрд жұмсады, жылдың аяғына дейін лимит тағы да $3,39 млрд-ты құрайды. Mosaic-тың қолындағы қаржы ресурстары едәуір аздау. Қаңтар-маусым аралығында компания бұл мақсаттара бәсекелесімен салыстырғанда 37,8% аз жұмсады, алайда жыл соңына дейін сатып алу көлемі $1 млрд-ты құрауы мүмкін.
Жаңа көзқарас
«Қызып тұрған» нарыққа қарамастан, инвесторлар тыңайтқыштар өндірушілерді «құн» компаниялары ретінде бағалайды және олардан аса жылдам өсімді күтпейді. Ағымдағы мультипликаторлар тарихи төмен мәндерде тұр. Mosaic үшін EV/EBITDA форвардтық көрсеткіші 3х құрайды, бұл бес жыл ішіндегі 11х-ден және онжылдықтағы 7,5х-ден әжептәуір төмен. Соңғы 12 айдағы коэффициенттер де тарихи төмен мәндерде: Mosaic үшін 3,7х және Nutrien үшін 5,2х.
Бірақ, егер тыңайтқыштар нарығындағы дағдарыс созылмалы сипат алса, бұл акцияларда ралли іс жүзінде болмай қоймайды.