Қытайлықтардың тәбеті ашылуда
Аспанасты елді қандай компаниялар тамақтандырады
Егер небәрі бірнеше ондаған жылдар бұрын миллиондаған қытайлық негізгі тағам өнімдерінің жетіспеушілігінен аман қалу шегінде болса, қазір жағдай түбегейлі өзгерді: ҚХР азаматтары жоғары сапалы тағам өнімдеріне орасан қаражат жұмсауға дайын.
Елдің 1,4 млрд тұрғынының тәбеттері жылдам өскені соншалықты, трансұлттық корпорациялар елде жаңа мекемелер ашып үлгере алмауда, ал қоғамдық тамақтандыру саласындағы жергілікті стартаптар небәрі бірнеше жыл жұмыс істеп, миллиардтаған капиталы бар компанияларға айналуда. Әл-ауқатының жақсаруымен ҚХР халқы барған сайын фастфудқа, кофеге және асты жеткізуге ден қойып отыр. Бұл салаларда Аспанасты елдің нарығында қатаң бәсекелестік байқалады.
Жылдам тамақтану
Қытайдың қоғамдық тамақтандыру саласында әлемдік брендтер үстемдік құрған. Мұнда жылдам тамақтану желілерінің ірі өкілі — елдің 1600 қаласында 11,5 мыңнан астам нүктені басқаратын Yum China Holdings (YUMC). Холдингтің аса танымал брендтері — Pizza Hut, KFC және Taco Bell, бірақ соңғы жылдары компания дәстүрлі қытай асүйінің ресторандарын белсенді түрді дамытып, бөлшек дүкендер мен интернетте өзінің дайын ас маркісін ұсынуда.
Yum China Holdings-тың маңызды бәсекелесі — 200-ден астам қалада 1,3 мың Burger King рестораннан құралған франшизасымен TAB Food Investments компаниясы, ол Popeyes брендін дамыту арқылы KFC-ті тауық етінен дайындалатын тағамдар нарығынан ығыстыруды жоспарлап отыр. 2029 жылға қарай компания бүкіл ел аумағында 1,5 мыңға жуық жаң нүкте ашуға ниетті. Бұл алыптардан ҚХР-да McDonald’s франшизасын басқаратын Fast Food Holdings те қалыспайды. 2022 жылдың басында елде осы бүкіл әлемге танымал брендтің 3,8 мың мекемесі жұмыс істеген.
Кофе индустриясы
Ұзақ жылдар ҚХР-да кофеханалар желілері арасында абсолюттік көшбасшы Starbucks (SBUX) болды, ол 20 жыл жұмыс істеп, елдегі қатысуын 200 қаладағы 5,4 мың нүктеге дейін кеңейтті. Алайда, тым жақында америкалық желіні жергілікті Luckin Coffee (LKNCY) басып озды. Негізі Бейжіңде 2017 жылы қаланған бұл компания небәрі бес жылдың ішінде 7,2 мыңнан астам кофехананы іске қосып, 2022 жылдың екінші тоқсанында ақыры залалсыз компанияға айналды.
Басқа бәсекелестер де жарысқа түсуден кет әрі емес: 2020 жылдан бастап қытайлық кофе тұтынушылар үшін шайқасқа бірден үш брендті: COFFii & JOY, K-Coffee және Lavazza-ны дамытуды ұйғарған YUMC кірісті. Fast Food Holdings-тің басқаруымен Аспанасты елде қазірдің өзінде McCafé-нің 2,5 мың кофеханасы жұмыс істейді, ал 2023 жылдың соңына қарай тағы 1 мыңын іске қосу жоспарланып отыр.
Онлайн-жеткізілім
ҚХР-дың тамақтану саласында салыстырмалы түрде жаңа, бірақ белсенді дамып келе жатқан бағыт — тағам дүкендері мен ресторандардан асты жеткізіп беру. Бұл перспективалық сегментті іс жүзінде екі технологиялық алпауыт өзара бөліскен. Нарықтың 67%-ын Meituan (3690.HK) компаниясы бақылайды, оның сервисін 700 млн-ға дерлік қытайлық пайдаланады. 27%-ға жуығы Alibaba-ға (BABA) тиесілі, ол өнімдерді өзінің Alibaba.com, Taobao және Tmall платформалары арқылы жеткізіп беруді ұсынады, сонымен бірге тамаққа ресторандардан үйге Ele.me қосымшасы арқылы тапсырыс беруге мүмкіндік береді.
Жастарға сеніп отыр
IBISWorld болжамдарына сай таяудағы бес жылда қытайлық фастфуд орташа алғанда 7,5% (2027 жылға қарай $260 млрд) өсетін болады. Кофе нарығы, Statista пікірінше, жыл сайын 9,5%-ға ұлғайып, бес жылдан кейін $24 млрд-қа жетеді, ал IMARC Group тамақ пен өнімдерді жеткізіп беру сегменті жылына 12,1%, $118 млрд-қа дейін өсу қарқыны орын алады деген болжам бар.
Біз Аспанасты ел нарығында орныққан ойыншылармен сәтті бәсекелесетін салыстырмалы түрде жас жергілікті компаниялардан үлкен өсім әлеуетін көріп отырмыз. Кофе сегментінде бұл Luckin Coffee (LKNCY), тамақ жеткізіп беру секторында — Meituan (3690.HK).