Табысты күз
Шикізат, фармацевтикалық сектор, АТ және теле- коммуникациялар акциялары — америкалық нарықтағы біздің фавориттеріміз
*Баға белгіленімдер талдау сәтінде, нысаналы бағалары мен апсайдтар 2022 ж. 31 қазанына ұсынылған
PDC Energy (NASDAQ: PDCE) АҚШ-та мұнай мен газ кен орындарын барлаумен және игерумен шұғылданады. Жақында компания Колорадода 99 ұңғыма бұрғылауға рұқсаттама алды, тағы 450 ұңғыма бойынша тыңдаулар күтілуде. Бұл компанияның орта капиталданған шикізат операторларының арасында аса тартымды фишкалардың бірі ретіндегі мәртебесін растайды. PDC 2022 жылдың екінші жарысында $900 млн-нан астам оң ақша ағынын өндіре алады. Бұл қаражаттар үлестік қағаздарды әрі қарай сатып алуға, сонымен бірге бір акцияға $2-ден асатын көлемде ауыспалы дивиденд төлеуге жұмсалуы мүмкін.
Newmont Corporation (NYSE: NEM) негізінен АҚШ-та, Канадада және Мексикада алтын, күміс және басқа түсті және қымбат металдар өндіруге маманданған. Салалық эмитенттің акциялары соңғы кезде өсіп келеді, өйткені инвесторлар қымбат металдарды ықтимал рецессияның және әлемдік орталық банктердің монетарлық саясатының қатаңдауы аясында қорғаныш активтері ретінде қайта қарастыра бастады. NEM-нің өндіріс көлемі жақында Ahafo North, Tanami Expansion 2 және Yanacocha Sulfides секілді жаңа жобаларды іске қосуы арқасында ұлғаяды, ал NEM баға белгіленімдерінің бәсекелестерден кенжелеп қалуы жайғасымға кірудің тартымды нүктесін құрады.
Alcoa (NYSE: AA) — әлемдегі ең ірі металлургиялық холдингтердің бірі, АҚШ-та, Испанияда, Австралияда, Бразилияда, Канадада бокситтер, глинозем мен алюминий өнімдерін өндіреді және сатады. Лондон металлдар биржасы (LME) өз қоймаларына ресейлік алюминий жеткізілімдерін бұғаттауды талқылауды жоспарлап отыр, бұл металл бағасының өсуін тездетуі мүмкін. Мұндай жағдай Alcoa-ның бизнесі үшін қолайлы. Компания басшылығы борышты жою мен балқыту цехтарын қайта ашудың жаңа стратегиялық жоспарын іске асыруда, бұл алюминий қорыту және глинозем өндіру қуаттарын екі есеге дерлік арттырады.
Braze (NASDAQ: BRZE) екінші тоқсанға күшті есепті жариялады: әзірлеушінің түсімі күткендегіден асып түсіп, $86,13 млн-ды (+54,5% ж/ж) құрады, -$0,16 деңгейіндегі EPS те консенсустан басып озды. 2023 қаржы жылына жаңартылған болжам түсімді $347–350 млн аралығында болжамдайды, бұл $345–349 млн аралығындағы алдыңғы бағдардан да, нарықтың алдын ала бағалауларынан да жоғары. Акцияға залалдың болжамы $0,78–0,82-ден $0,77–0,79-ге дейін қайта қаралды. Одан бөлек, Braze-дің басшысы оның акцияларын $17 млн-ға сатып алды, ал бұл, әдетте, баға белгіленімдер өсуінің болжанатын менеджметі туралы белгі береді.
Johnson & Johnson (NYSE: JNJ) денсаулық сақтау және медициналық жабдықтар өндіру саласында тұтыну тауарларын шығару сегментінде белсенді дамып келеді. J&J бүкіл әлемде жұмыс істейді, АҚШ-та түсімнің 50%-дан астамын өндіреді. Эмитенттің жиынтық сатылымдары өсуінің жылдық болжамы 7% деңгейінде сақталады. Сенімді активтері «жабайы» нарық кезеңдерінде инвесторларда танымалдыққа ие болды. J&J — макроэкономикалық өзгерістерге асқан орнықтылықпен сипатталатын жақсы әртараптандырылған бизнестің мысалы. Ағымдағы баға деңгейлерінде акцияларының дивидендтік табыстылығы 2,8%-ды құрайды.
Salesforce (NYSE: CRM) — әлемдегі қолданбалы бұлтты (SaaS) бағдарламалық жасақтаманың ірі әзірлеушілерінің бірі, өз үйіндей болған Құрама Штаттар нарығында CRM-шешімдер сегментінде көш бастаушы. Ол бұлтты платформалардың (PaaS), платформалық талдаудың, маркетингтік зерттеулерге арналған өнімдер мен нарықты талдаудың да жетекші провайдерлерінің бірі болып қалады. Компания белсенді дамушы нарық тауашаларында жұмыс істейді, мұнда орнықты жайғасымдарды иеленген. Мұның бәрі менеджменттің 2025 жылы $50 млрд түсімге жету бойынша өршіл жоспарын іске асыруға сенуіне мүмкіндік береді.
T-Mobile (NASDAQ: TMUS) — АҚШ-та және оған жапсарлас аумақтарда байланыс қызметтерін көрсететін немістің Deutsche Telekom телекоммуникациялық холдингінің еншілес құрылымы. Әлемдегі ең ірі телекоммуникациялық корпорациялардың бірі 5G байланыс нарығында жетекші орындарды иеленеді. Компания стратегиясының табыстылығы оның абоненттерге бәсекелестеріне қарағанда бағасы жағынан аса қолжетімді аса жоғары байланыс сапасын ұсынады. Бұл 2020 жылы Sprint операторының жұтылуы арқасында мүмкін болды. TMUS-тің 2020 жылдың үшінші тоқсанындағы есебі күткендегіден жақсы болып шықты. 2023 жылдың қыркүйегіне дейін компания өз акцияларының кем дегенде 6%-ын сатып алады.
Visa (NYSE: V) — халықаралық төлемдер секторындағы ең тұрақты әрі рентабелді ойыншылардың бірі. Корпорацияға акционерлік капиталға 39% көлемінде қайтарғанда табыстың 50% деңгейіндегі маржиналдылығын ұстап қалу мүмкін болып отыр. Әлемдік экономиканың өсуінің баялауына байланысты жалпы нарықтық болжамдар 2022 жылдың басында түсімнің жылдық қарқыны 20%-дан осы жылдың соңына қарай 16–18%-ға, ал 2023 жылы 12%-ға дейін азаятынын болжамдауда. Сонымен бір мезгілде пандемиядан кейінгі халықаралық іскерлік және туристік сапарлардың қайта жалғасуы, қаржыны цифрландыру тренді мен криптовалюталарға арналған Visa өнімдерінің дамуы ұзақ мерзімді өсім драйверлері болып қалады.