Келешектің ас-ауқаты
АӨК-дегі жаңа технологияларды анықтаймыз
Жер бетіндегі халық саны өсуде, және ауыл шаруашылығында қолданылатын дәстүрлі тәсілдер азық-түлік қауіпсіздігінің қажетті деңгейін қамтамасыз ете алмайды. БҰҰ болжамдарына қарағанда 2050 жылға қарай жер бетінде 9,8 млрд адам өмір сүретін болады. Оларды асырау үшін азық-түлік өндірісін 70%-ға ұлғайту қажет. Сандық құрамдастан бөлек сектордың дамуының заманауи стратегиялары да дұрыс әрі экологиялық тамақтануға сұраныстың өскенін ескеруі тиіс. Енді салада дамып келе жақтан бірнеше бағытты қарастырайық.
Агротех
AgroTech — бұл экологиялық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, өнімділікті, өнім сапасын және өндірістің экономикалық тиімділігін арттыратын жоғары технологиялық әдістемелердің кешені. Бірінші кезекте оларға өнімділікті барынша арттыру үшін үлкен мәліметтерді пайдаланатын технология — нақты егіншілік (ол туралы толығырақ 6 беттен оқыңыз). Бұл нарықтағы негізгі ойыншылар AgEagle Aerial Systems Inc. (UAVS), Deere & Co. (DE) және Farmers Edge (FDGE) болып табылады.
Егіс көлемін сақтай отырып, өнімділікті ұлғайтуға мүмкіндік беретін болашағы зор басқа технология — тігінен егілген егіншілік. Бұл жағдайда өсімдіктер гидро немесе аэропоника әдістері есебінен өсіріледі. Тігінен егетін фермалардың басты ерекшелігі — екпелерді көп қабатқа орналастыру және жабық үй-жайда бақыланатын климат. Бұл салада Futurae Farms (АҚШ), AeroFarms (БАӘ), InFarm (Германия), Farm66 (Гонконг) және iFarm (Финляндия) жұмыс істеуде.
Баламалы ас-ауқат
Тағам индустриясындағы жаңа тренд — асқа жәндіктерден жасалған өнімдерді тұтыну. Бұл қанықтырылмаған майлар мен өзге қоректік заттар көлемі жоғары ақуызды ас. Тағамдық қатынаста аса құндылары ретінде құмырсқалар мен термиттерді, сондай-ақ шегірткелерді, көкқасқа шегірткені, шырылдауық шегірткелер мен бал араларын есептеу қабылданған. Жаңа сегментте испандық Entomotech, нидерландтық Meertens, Protix және Proteinsect, француздық Ynsect, канадалық Enterra және америкалық Big Criket Farms белсене жұмыс істеуде.
Фудтех
Бұл сөзбен асты өндірумен, жеткізумен және дайындаумен байланыстының барлығындағы ақпараттық технологияны кіріктіру индустриясын атау қабылданған. Фудтехтың басты артықшылығы — экологиялылығы.
Мал шаруашылығының негізгі проблемасы — қоршаған ортаға келеңсіз әсері, судың және жер кеңістігіінң үлкен шығындары. Beyond Meat және Мичиган университеті Орнықты жүйелер орталығының сарапшылары өсімдік негізінде бір бургерді жасау барысында сиыр етінің бір фунтын өндірумен салыстырғанда парниктік газдардың 90%-ға аз өндірілетінін есептеп шығарды. Бұл ретте энергияның, судың және жердің үнемі тиісінше 45%, 99% және 93%-ды құрайды.
Жануарлардан алынбаған тағам өнімдері ақуыздарының негізгі өндірушілері – Beyond Meat (BYND), Tyson Foods (TSN), Impossible Foods компаниялары.
Жасанды өнімдерді, мәселен, жасанды етті жасау технологиялары арасында көп қолданылатын нәрсе ол - 3D-баспа. Өндірістің мұндай тәсілі үшін микроорганизмдер, жәндіктер, тағам қалдықтары мен балдырлар негізінде түрлі құрамдастар пайдаланылады. Стейктерді басып шығаратын принтерлерді Израильдік стартап Redefine Meat әзірлеген.
Сіздің үстеліңізге!
Фудтехтың зертханалық жағдайда өсірілген өнімдер өндіру секілді перспективалық бағыты туралы айтпай кетпеуге болмайды. A.T. Kearney консалтингтік фирмасының бағалауынша, 2040 жылға қарай зертханада өндірілген өнімдер әлемдік ет нарығының 35%-ын иеленетін болады.
Адамзат баласы азық-түлік проблемаларын шешудің жолдарын белсенді түрде іздеуде, олай болса, келешектің ас-ауқаты сыртқы түрі мен құрамы жағынан өзімізге үйреншікті өнімдерден айтарлықтай ерекшеленуі ықтимал.