January 11, 2023

3.0 ыдыс

Заманауи қаптама қалай болуы керек әрі оны кімдер шығарады

Food Containers Global Market Report 2022 зерттеуінің авторлары тағам өнімдеріне арналған қаптамалардың әлемдік нарығын $238,36 млрд-қа бағалайды және 2026 жылға қарай оның өсімін $318,96 млрд-қа дейін болжап отыр.

Алайда сала тек сандық немесе сапалық тұрғыдан да өзгеретін болады. Ipsos агенттігінің бағалауынша, қаптаманың дизайны 72% жағдайда тауарды сатып алу туралы шешімге ықпал етеді. Бұл маркетинг пен тұтынушының мінез-құлқын терең талдау алдыңғы қатарға шығатынын білдіреді.

Бұдан әрі біз саладағы негізгі трендтерді қарастырып, оның көшбасшыларын талдаймыз.

Интерактивтілік. QR-кодтар, NFC чиптер, смарт-заттаңбалар мен қаптаманың басқа интерактивтік функциялары өндірушіге брендтің тарихы туралы әңгімелеуге немесе бұл ретте аз орын ала отырып, тұтынушыларға маңызды хабарламаны жеткізуге мүмкіндік береді. Тағам өнімдерінің қаптамасындағы датчиктер де олардың сапасын бақылай алады, ал заттаңбаның түсі өнімнің жарамдылық мерзімі өткеннен кейін өзгеруге қабілетті.

Экологиялылық. Тұтынушылардың көбі қаптама материалдары қоршаған ортаға барынша аз, дұрысы мүлдем зиян келтірмегенін қалаған болар еді. Экологиялылыққа ұмтылу әзірлеушілерді тағам өнімдері үшін желінетін қаптама жасауға итермелейді. Бұған күріш қағазы, теңіз балдырлары немесе жүгері крахмалы лайық.

Мөлдірлік. Тұтынушылар жасырын затты сатып алмау үшін тауардың түрінің қандай екенін көргісі келеді. Өнімдердің тартымды түрі сатылымды ынталандырады.

Ықшамдылық. Көптеген жылдар ашық та қанықты дизайн тағам өнеркәсібінде дәстүрлі түрде басым болып келді, қазір ықшамдылық дәуірі басталды. Қарапайым ықшам қаптама қазіргі заманғы тұтынушыға ұнайды, оған қоса оны өндіру арзан түседі.

Портативтілік. Адамдар ұтқыр болуға тырысуда, қаптама да қазіргі өмір ырғағына сәйкес болуы тиіс. Сөйтіп, табиғат аясына шығуды жоспарлаған сатып алушы абзалы тасымалдаған кезде ештеңе төгілмейтініне, сынбайтынына кепілдігі бар сенімді қапталған өнімді сатып алады. Мұндай тәсілдің мысалы McDonald's McBike қаптамасы болуы мүмкін. Ол гамбургерлерді, картоп фри мен сусындарды велосипедтің, самокаттың және т.б. руліне оңай әрі сенімді бекітілетін қаптамамен алып жүруге мүмкіндік береді.

Дербестендіру. Цифрлық басу кастомизациялауға мүмкіндік ашты. Клиенттің аты немесе веб-сайттағы опциясын қамтитын, сатып алушыларға өзінің меншікті қаптама дизайнын таңдауға мүмкіндік беретін дизайны бар қаптама (мұны пченье өндірушісі OREO жасағандай) көптеп кездеседі. Дербестендіру клиенттердің таңдауына айтарлықтай әсер етеді. Deloitte (Made-to-order: The Rise of Mass Personalisation) аудиторлық компаниясы жүргізген тұтынушылық артықшылықтарды зерттеу бірқатар сегменттерде жас аудитория өкілдерінің 50%-дан астамының жеке ұсыныстарға қызығатынын және сұрау салынғандардың жалпы санының орташа алғанда 36% әдеттен тыс өнімді сатып алғысы келетінін көрсетеді. Тұтынушылардың 70%-дан астамы дербестендірілген тауар үшін аса жоғары баға төлеуге дайын және 22%-ы оны өндіру үшін жеке ақпаратын бар ынтасымен ашып көрсеткен.

Жаппай дербестендіру технологиясында пайдаланылатын аса айқын жарнама науқандарының бірі Share a Coke болды. Әлемнің 80 елінде заттаңбаларында әлемге танымал логотиптің орнына нақты өңірде таралған есімдер басылған бөтелкелер шығарылды. Науқан тұтынушылар назарын аударып, газды сусынның сатылымын ұлғайтты.

Бүкіл әлемді буып-түйген кімдер

Жүктеп алу. Дереккөз: компаниялар есептемесі, жария деректер