January 24, 2023

«Уақыт өте қор нарығы кез келген актив түріне қарағанда аса жоғары пайда әкеледі»

Қарашаның ортасында бұрын Citibank-тің талдау департаментін басқарған Джон Роджерс Freedom Capital Markets тобына қосылды. «Қаржыгер» жаңа атқарушы вице-президенттен және басқарушылық және инвестициялық комитеттердің мүшесі оның өмірінде биржалық операциялардың қандай орын алатынын сұрап білген еді

Фотосурет: Джон Роджерстің жеке архиві

Бейхабар адам америкалық қор нарығын «Волки с Уолл-стрит» фильмімен байланыстырады. Ал сіз оны неге ұқсатасыз?

Меніңше, бұл фильм әлемдегі ең еркін әрі ашық америкалық қор нарығы туралы дұрыс түсінік қалыптастырмайды. Мұнда жаһандық компаниялар тұрмыс сапасын жақсартып, жетістікті ілгерілетуге мүмкіндік беретін капитал алады.

Маған Уоррен Баффет пен Питер Линч секілді тұлғалар шабыт береді (олар туралы толығырақ 3-4 беттерден оқыңыз). Олар ірі мықты компанияларға қаражат салып, ұзақ мерзімді келешекке инвестициялады, ешқашан абыржымады және өз стратегиясынан бас тартқан жоқ.

Сіз өз бетіңізше инвестиция жасайсыз ба?

Иә, мен бұл тұрғыда әркез дәйектімін. Мен әртараптандыру және шығындарды орташалау стратегиясының жақтаушысымын, сондықтан ұзақ мерзімді келешекке бизнесі өзіме түсінікті күшті компаниялардың акцияларын сатып аламын.

Сіздіңше, қор нарығы үшін басты мәні бар оқиғалар қандай?

Интерттің дамуы, ақпаратқа қолжетімділіктің кеңеюі, компьютер қуатының ұлғаюы маңызды рөл атқарды. Бұл инновациялар қор нарығын аса демократиялы етті, нәтижесінде бүгінде акцияларға инвестициялау қарапайым әрі баршаға қолжетімді іске айналды.

Сіздіңше, инвесторлардың арасында кездесетін үйреншікті қателесулер мен таптаурындар қандай?

Ең үлкен қателесудің бірі — акцияларға инвестициялау тек сауда-саттыққа ауқатты және тәжірибелі қатысушылардың ғана қолынан келеді деп сену. Уақыт өте қор нарығы кез келген басқа актив түріне қарағанда аса жоғары табыс әкеледі. Мынаны ескерген маңызды, көптеген жылдан бері алғаш рет экономикалық қысымның маңызды факторы инфляция болды. Бұл жағдайларда біздің инвесторларымыздың табысының инфляциядан басып озғаны айрықша маңызды. Ал нарық әркез осы мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.

Сіз жақында Freedom Holding Corp тобына қосылдыңыз. Сіздің міндеттеріңіздің аясына не кіреді?

Менің басты мақсатым — біздің талдау тобына қамтылатын компаниялардың қамтылуын ұлғайтуға жәрдемдесу және онсыз да күшті өнімдер желісін жақсарту. Одан бөлек, мен өзіміздің америкалық командамен Freedom Holding Corp.-тың АҚШ-та болуын кеңейтумен жұмыс істеймін.

Сіз қаржы саласы үшін бастысы тауармен қамтамасыз етілген валюталар болады және бұл жаңа «тауар циклін» білдіреді дегенмен келісесіз бе? Бұл қарсы бетте тұрған ESG-күн тәртібіне* қалай әсер етеді?

Біз инновациялардың арқасында «тауарлық суперциклге» өтеміз деп есептеймін. Литийді, мысты және басқа шикізаттарды қолданудың жаңа кең мүмкіндіктері пайда болды.

Мен шикізат тауарларын пайдалану ESG-инвестициялаумен үйлеспейді деп ойламаймын. ESG — бұл шикізатты өндіру мен қайта өңдеуді қоса алғанда қызметтің барлық кезеңдеріне жауапты көзқарас.

Сіз қалай ойлайсыз, ағымдағы жағдайда тарихи көрсеткіштерге негіздей отырып, келешекті болжауға бола ма?

Әйгілі инвестор әрі бизнесмен Джон Темплтон нарыққа қатысушылар үшін ең қауіптісі «осы жолы бәрі басқаша болады» деген қағида деп есептейді. Мен тарих қайталанбаса да, «ұйқасатынына» кәміл сенемін. Мен үшін бүгінгі қалыптасқан жағдай 2000 жылғы дотком көпіршігіне өте ұқсас. Біз жылдам өсу кезеңінен экономиканың баяулауымен және геосаяси белгісіздікпен шығамыз (мәселен, АҚШ-та 2000 жылғы 11 қыркүйекте болғандай). Нарықтар жеткілікті орнықты, бірақ оларға соңғы бірнеше жылдан «қалғандарды» қорыту қажет.


*Коммерциялық қызметтің орнықты дамуы, ол экологияға, әлеуметтік салаға және корпоравтивтік басқаруға жауапты көзқарас қағидаттарында құрылады