Биржа алдындағы тыныштық
Соңғы жылдары қай IPO көзге түсерлік болды және биржада кімнің дебютін күтуге болады
2022 жылы америкалық қор нарығы пандемия кезеңінің жоғары белсенділігінен кейін алғашқы орналастырулардан «демалды». Егер 2021 жылы FactSet-тің бағалауынша, биржаларға рекордты 1073 компания шықса, ал келесі жылы IPO-лар саны 200-ге әрең жетті.
Жаңа листингтер қарсаңында нарық ұзақ күткен, бірақ нәтижесінде бұл компаниялардың биржадағы тағдыры мүлдем әртүрлі қалыптасқан үш орналастыру тарихы туралы әңгімелейміз.
Uber. Стоп-сигнал
Такси жалдау сервисі 2019 жылғы 9 мамырда жария болды. Uber (UBER) IPO-сы нарықта ең ұзақ күтілгендердің бірі болды, бірақ сәтсіздікке ұшырады: сауда-саттықтың алғашқы күнінде-ақ эмитенттің акциялары 7,6% құлдырады.
Басшылық бизнесті жаңа нишаларда: логистикалық қызметтерде, тамақты жеткізіп беруде, қаржы сервистері және т.т. дамытудың ауқымды жоспарлары туралы мәлімдеді. Топ-менеджерлердің ойынша Uber өмірдің барлық жағдайларына суперқосымша болуы тиіс болатын. Сонымен бірге сарапшылар бүкіл күштерін жұмсап ұдайы залал шегіп келе жатқан эмитенттің инвестициялық тартымдылық факторын табуға тырысты және оның ешқашан пайдаға шыға алмайтынын ескертті. Дегенмен, әзірге Uber бизесінің көрсеткіштері белсенді өсуін жалғастыруда, бұл нық сенім ұялатады.
Airbnb. Ковид аясында табыс
Airbnb (ABNB) акциялары 2020 жылғы 10 желтоқсанда олардың алғашқы саудаланған күні бағасы екі еседен астамға өсті. Компанияны инвесторлар Booking Holdings (BKNG) онлайн-турагенттігінен және Marriott International (MAR) қонақ үй желісінен қымбат бағалады.
IPO ковидке қарсы шектеулермен туындаған есеңгіреуден кейін Airbnb бизнесінің көрсеткіштерін әсерлі қалпына келтіру тарихында шарықтау болды. Карантиндік шаралардың әлсіруіне қарай сапарды жоспарлап отырған пайдаланушылар қонақ үй бөлмелерін емес, үйлерді немесе пәтерлерді жалға алуды брондауды артық көрді. Бұл Airbnb-тің пандемия өршіп тұрған 2020 жылдың үшінші тоқсанының өзінде пайда табуына мүмкіндік берді. Компания ірі қалалардың сыртындағы баспана жалдауға арта түскен қызығушылықтан да көп ұтты.
DiDi. Кіріңіз де, шығыңыз
2021 жылғы маусымда Бейжіңнің жоғары технологиялық Didi компаниясы АҚШ-тағы листингке өтінім берді. IPO аясында эмитент жалпы қаржыландыру $73 млрд болғанда $4,4 млрд тартты.
Алайда жария мәртебесінде компания ұзақ бола алмады. Шілдеде-ақ Қытайдың Киберкеңістік басқармасы (CAC) ұлттық қауіпсіздікті және қоғамдық мүдделерді қорғау мақсатында Didi-ге қатысты тергеудің басталғанын мәлімдеді. Бұл кезеңде компания жаңа пайдаланушылардың тіркеу құқығынан айырылды, соның салдарынан Didi-дің акциялары құлдырап кетті. Қытайдың реттеушілері сондай-ақ оның Аспан асты елдегі қосымшасын сатуға тыйым салды, содан кейін деректері ерекше маңызды білдіретін интернет компаниялары үшін ел аумағынан тысқары жерде листингке тыйым салатын қағидаларды әзірледі.
Бұл факторлардың бәрі эмитенттің баға белгіленімдеріне едәуір қысым көрсетті. Қытай билігі пайдаланушылар деректерінің сақталуынан қауіптенуін қоймаған-дықтан, Didi-дің топ-менеджментінен Нью-Йорк қор биржасынан кетудің жоспарын ұсынуды талап етті. Міне, 3 желтоқсанда Didi листинг орнын Нью-Йорктен Гонконгке ауыстыру жоспарлары туралы хабарлады.
Биржада жүздескенше!
2022 жылы көптеген компаниялар алған мәжбүрлі демалыс олардың менеджментіне орналастыруға өте мұқият дайындалуына мүмкіндік береді. Ұзақ күтілген оқиғалардың арасында — биржаға Stripe, Klarna, Chime, Instacart, Databricks, Discord, Impossible Foods, Reddit, Plaid пен Better.com шығуы болды.