Фасахат туралы
– үндестігі жағынан кемшіліксіз, көркем болуы, мағынаны анық, тамаша жеткізе сөйлеу.
Ол бейне бір сылдырлаған судай төгіліп тұрады, анық та қанық cөздерінде нақтылық байқалады. Тыңдаушысын әсте жалықтырмауы осының айғағы. Сондайақ, сөздерінің анықтылығының хикметсырларына қатысты әдебиетшілер мен мәтіннің мағынасын зерттейтін майталман мамандардың берген куәліктері теңіздей айғақ болып табылады.
Иә, Құран мың рет оқылса да тыңдаушыларын әсте зеріктірмейді. Сонымен қатар сөздерінің де ағысы керемет.Қайта оқыған сайын ләззат беріп қызығушылық пайда болады. Кішкентай баланың қарапайым миына еш қиындықсыз, оңай жатталып, жеңіл орнығады. Біреудің сөйлегенін жақтыртпай, қатты қиналып хал үстінде жатқан ауыр науқастардың құлақтарына майдай жағып, жанын жадыратады. Сәкаратта, яғни, өлім аузындағы кісілердің өзіне таңдайға жаққан балдай хош келеді. Құранның зәмзәмы әлгінің құлағы мен басына, ауызы мен таңдайына тамғанда рахатқа батады.
Құранның жалықтырмауының хикметтерінің тағы бір сыры мынада: Құран жүректерге құт пен азық, ақылдарға қуат пен береке, рухқа жарық пен су, денеге шипа мен дәрумен сыйлайды. Сондықтан жалықтырмайды. Нанды күн сайын жесек те жалықпаймыз ғой. Ал, тәтті бәлішті күнде жесек жалықтырары сөзсіз. Демек, Құран іші толы ақиқат, хақ, шындық пен һидаят. Сол себепті жалықтырмайды. Ол өзінің әрдайым уылжыған балғындығын сақтайтыны секілді, судай жаңалығы мен балдай тәттілігін де сақтап отырады.
Тіпті, мүшриктер жағындағы Құрайыш басшыларының ішінен зерек, көзі қарақты, тілмәр біреу Құранды тыңдау үшін барған екен. Сонан тыңдап келген соң былай депті: "Бұл сөздің ерекше, жанға жағымды, тәттілігі мен уыздай жастығы бар екен. Бұл, адамның сөзіне ұқсамайды. Мен сәуегей, шешен, ақын, шайыр дегендерді көп көрдім, оларды жақсы білемін, бұл сөз олардың сөзіне мүлдем ұқсамайды. Сондықтан, елімізді, жұртымызды алдап, нандыру үшін амалсыз сиқыр деуіміз керек" деген екен.
25-Сөз,393-б.