ЖАУАП: "Себебi, пәлсапа ақиқаттың жолынан тайған. Алдыңғы сабақтар мен сөздерден әлбетте мынаны түсiнген боларсың: Құран Хаким жаратылыс атаулыны Аллаhтың көркем есiм-сипаттарын түсiндiру үшiн тiлге тиек етедi. Яғни, мына әлем атты кiтаптың мағыналарын түсiндiрiп, оның жазушысын, Жаратушысын таныстырады. Демек, болмысқа оның өзi үшiн қарамайды, Жаратушысын таныстыру үшiн назар аударады. Сондай-ақ, сөзiн баршаға арнайды. Пәлсапа болса болмысқа өзі үшін қарап, өзінен шыға алмай табиғатына батып, шектеліп қалады әрі сө зiн көбінесе оқымысты, білімді топқа арнайды. Міне, Құран Хаким, жаратылысты айғақ, дәлел ретiнде қолданады. Көпшiлiк оңай түсiну үшін айтылған дәлел анық, түсінікті болуы тиіс. Құран...
Құранның шешендігі мұғжиза дәрежесінде керемет. Оның шешендігі ұйқастыра айтылудағы айрықша кіршіксіздігінен, болаттай беріктігінен, сөз саптаудағы теңдессіз тәсілінен, ерекшелігі мен сұлулығынан, баяндауындағы теңдессіздігінен, ешкімге дес бермеуінен, артықшылығы мен нақтылығынан, мағынасының қуаттылығынан әрі мазмұндылығы мен ақиқаттығынан, сөзінің көркемдігі мен үйлесімді һәм ұғынықты жатықтығынан бастау алады. Ол өзінің таңғажайып шешендігімен адамзаттың ең адуынды әдебиетшілерін, ең марқасқа сөзшең ділмарларын, ең данышпан ғұламаларын айтысқа шақырып, мың үш жүз жылдан бері әлемге ұран тастап, олардың қытығына тиіп келеді. Осылайша, ашықтан ашық айтысқа шақырса да, тәкаппарлығынан...
Ол бейне бір сылдырлаған судай төгіліп тұрады, анық та қанық cөздерінде нақтылық байқалады. Тыңдаушысын әсте жалықтырмауы осының айғағы. Сондайақ, сөздерінің анықтылығының хикметсырларына қатысты әдебиетшілер мен мәтіннің мағынасын зерттейтін майталман мамандардың берген куәліктері теңіздей айғақ болып табылады.