"Құран Хакимнің сырлары білінбейді, тәпсір жазушылар оның ақиқатын түсінбеген" дейтін пікірдің екі жағы бар.
Оны айтушылар да екі топқа бөлінеді.
Біріншісі: Ақиқатшылдар мен ғалымдар тобының айтуы бойынша:
«Құран таусылмас қазына, әрбір жаңа ғасыр, ашық мағыналарын қабылдай
отырып, толықтырушы мағыналарынан да өз үлесін алады, басқалар үшін
жасырын қалған үлесіне тимейді»-дейді. Бұл Құран Хакимнің уақыт
өткен сайын, одан да көп мағыналары ашыла түседі деген сөз. Әйтпесе,
астағфираллаһ, алдыңғы салихтердің баяндап кеткен ашық мағыналарына
шүбә келтіру емес. Керісінше, оларға иман ету керек. Олардың бәрі Құрандағы
нақты мағына, тұрақты негіз және берік іргетас عَرَبِىٌّ مُب۪ينٌ *аяты бойынша оның мағынасы анық әрі түсінікті екендігін білдіреді. Иләһи сөздер бастан
аяқ сол мағыналардың төңірегінде өрбиді. Соларды бекіте түседі, дәрежесін
арттыра түседі. Ондағы ашық мағыналарды қабыл етпеу, астағфираллаһ Хақ
Тағалаға өтірікші деп жала жабу және Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.)
түсінігін төменсіту болып шығады. Демек, ашық мағынаның бәрінің де бастау
көзі Пайғамбарымыз (с.а.у.). Тіпті, Ибн Жәрир әт Табәри, Құранның бүкіл
мағыналарын Пайғамбарымыз қалай жеткізген болса, соның бәрін тізбектей
отырып зерттеген. Маңызы өте зор тәпсірін осылай жазып шыққан еді.
Екінші топ: Не ақылсыз дос, қас жөндеймін деп, көз шығарушы біреу.
Не болмаса шайтани ақылды дұшпан, Ислами үкімдер мен имани ақиқаттарға
қарсы келгісі келеді. Құран Хакимнің құрыш қамалы секілді сүрелердің
ішінен өзінше жол тапқысы келеді. Ондайлар, Иман мен Құран ақиқаттарына
күдік туғызу үшін сондай шайтани сөздерді таратуда.
*Ал бұл Құран ашық арап тілінде. (Нахыл 16/103)
Мектубат-378 б