Құраным
@kurankerim
Құран дейтін мәңгі өшпес бақи мұғжиза туралы.
18 posts
Тәпсір

Құран адамзатқа түскен. Олай болса, неліктен адамзат үшін маңызы зор ғылым жетістіктерін анықтап айтпаған? Неге тек жасырын рәмізбен, кейде мегзеп қана, жай бір ишарамен немесе астарлы ескертумен шектеледі?

Жауап: Өйткені, мәдени жетістіктер мен техника жаңалықтарының Құраннан алар орны, тиесілі ақысы сол ғана болса керек. Себебі, Құранның басты міндеті – Рубубиет алаңының кемелдігі мен Иләhи басқару істерінің сын­сипатын түсіндіру және құлшылық алаңының атқарар қызметі мен хал­ахуалын үйрету. Енді, адамдар ойлап тапқан әлгіндей жаңалықтардың осы екі алаңнан алар орны жәй бір рәміз, кішкене ғана ишара болмақ. Өйткені олар, әлгі Рубубиет алаңынан өзіне тиесілі ақы сұраса, оларға өте шағын, аз үлес қана тиеді.

Құран және тәпсір

Ұлы Құран, өткен-кеткен адамзат баласының барлық әлеуметтік- рухани топтарына, халықтарына, жеке тұлғаларға арналып, Ұлы Ғарыштан айтылған, Илаһи жинақ сөз. Баршаға айтылған Раббани үндеу. Оны танып білуге бір адамның немесе шағын жамағаттың шамасы келмейді. Әлемдегі материяларға қатысты көптеген пәндер мен ғылымдарды қамтып тұр.