Кәламуллаһ туралы
Құран – ғаршы Ағзамнан, Исми Ағзамнан және әр есімнің ұлық мәртебесінен келгендіктен Он екінші Сөзде баяндалып дәлелденгені секілді Құран – бүкіл әлемнің Раббысы болған Аллаһтың сөзі, әрі барлық болмыс атаулының Жаратушысы болған Аллаһтың пәрмені, сондай-ақ, Аспан мен Жердің Жаратушысы атыменен басталатын хұтпа және толық Рубубиеті жағынан келген үндеу әрі жалпы Субхани салтанат есебінен мәңгілік уағызы. Һәм ауқымды да кең мейірімге иелігі тұрғысынан Рахманның жылы лебізге толы дәптері. Сондайақ, Улуһиеттің айбындылығының ұлылығы тұрғысынан кейде бастарында құпия сырлардың белгілері жазылған өзара хабарласу жиынтығы болып саналады. Һәм исмі Ағзам тарапынан келіп аршы Ағзамның бүкіл шеңберлерін қамтитын, егжей тегжейлі суреттейтін хикмет шашқан киелі кітап болып табылады.
Міне, сондықтан "Кәламуллаһ" Аллаһтың сөзі деген жоғары мәртебе Құранға берілген әрі беріле де бермек. Ол оған толыққанды лайық. Мәртебе бойынша Құран кейін басқа да пайғамбарлардың кітаптары мен парақтары келеді. Басқа да шексіз Иләһи сөздерге келер болсақ, олардың бір бөлігі ерекше бір жағымен, кішігірім бір дәрежемен, айрықша бір шағылысумен, шағын бір есіммен, арнайы бір
Рубубиетпен, өзіндік бір Салтанатпен, жекелеген бір рахметпен көрінген
илһамдар түріндегі бір сөйлесуі болып табылады. Адамзат пен періштелер
және хайуанаттың илһамдары болса, жалпылық және жалқылық жағынан
түрлі түрлі болып келеді.
Құран, өмір сүрген ғасырлары әртүрлі күллі пайғамбарлардың кітаптарын және бұлақтары санқилы барлық әулиелердің рисалелерін және мәзһабтары бөлекбөлек бүкіл асфиялардың еңбектерін жинақы түрде қамтыған, алты жағы жарқын, күдік пен күмән қараңғылығынан таптаза және сүйенер тірегі аспани айқын уахи мен мәңгілік кәлам. Алға қойған мақсаты мен көздеген нысанасы мәңгі де нағыз бақыт пен таза һидаят. Үсті қалтқысыз иман нұрлары. Асты айқын ғылым мен дәлел. Оң жағы тәжірибелермен расталған әрі жүрек пен арождан тарапынан құпталған. Сол жағы көзбен көрінгендей анық, ақылмен мақұлданғандай қанық. Жемісі, яғни, нәтижесі күмәнсіз Рақымды Аллаһтың мейірімділігі мен Жәннат мекені болмақ. Мақамы мен маңыздылығына келер болсақ, еш күмәнсіз періштелер мен адамдар және жындар тарапынан қабыл болған Аспани бір кітап.
Хақтан түскен барлық кітаптардан Құран жоғары
әрі бүкіл сөздерден мерейі үстем екенін түсінгің келсе мына екі теңеуді
тыңда:
Бірінші теңеу: Бір сұлтанның екі түрлі үндеуі, екі түрлі сөйлеуі бо ла
ды. Біріншісі, халқының бір азаматымен болмашы бір шаруа үшін жеке
телефонымен сөйлеседі. Екіншісі, Ұлы патшалықтың атынан, ұлы хали
фалық, жалпы әкімшілік жағымен, бұйрықтарын жалпыға жария ету
мақ сатымен бір елшісімен немесе бір қызметкерімен сөйлеседі. Өзінің
ұлықтығын көрсететін ұлы жарлық беріп сөйлеседі.
Екінші теңеу: Бір адам қолындағы айнаны күнге қаратып ұстаса, ай
на ның көлеміндей бір жарыққа, жеті түсті бір нұрға ие болады. Сол
шамада Күнмен байланыс жасап, сұхбат құрады. Жарық айнаны қараңғы
бөлмесіне немесе көлеңкедегі баубақшасына бағыттаса Күннің шамасына
қарай емес, әлгі айнаның қабілетіне қарай жарықтан пайдаланады. Ал,
басқа адам болса, үйінің немесе бау–бақшасының төбесінен үлкен әрі кең
терезе ашып, аспандағы Күнмен байланыс жасайды. Нағыз Күннің мәңгі
жарығынан пайдаланады. Сөйтіп оған ғана қарыздар боп былайша тіл
қатады: "Уа, жер жүзін сәулесімен жарық қылып, гүл атаулыны кү-
лімсіретіп тұрған дүние сұлуы, аспан еркесі - Күн! Жер жүзіне сәуле
шашқаның сияқты менің үйімді, бау–бақшамды жылытып, жарық
қыл дың!" Алайда, айнаның иесі олай айта алмайды. Оған тиесілі Күн сәулесі шектеулі, әсері де аз. Енді, осы екі теңеуді дүрбі жасап Құранға
қара! Сонда оның иғжазының(1) қаншалықты керемет екенін түсінесің.
Иә, баяны мұғжиза Құран былай дейді: "Егер жер жүзіндегі ағаштар
қалам болып, теңіздер сия болса, Аллаh Тағаланың сөздерін жазып
тауыса алмас еді," – дейді.
Қаншама сөздердің ішінен ең жоғары мәртебе Құранға берілуінің себебі
не? Енді соған келейік:
Құран Кәрім Аллаhтың ең ұлы есімінің атынан және әрбір есімнің де ең жоғары мәртебесінің атынан сөйленген сөз. Ол бүкіл әлемнің Раббысы деген атымен Аллаhтың сөзі және бүкіл жаратылыстың атына келген Аллаhтың әмірі. Сондай-ақ Көктер мен Жердің жаратушысы тұрғысынан келген сөз әрі толық билік, шексіз басқару, жалпыға ортақ Субхани салтанат атынан мәңгі өшпес үндеу. Әрі барлығын қамтитын мол мейірімділік тұрғысынан алғанда Рахманның ілтипатын көрсететін кітап. Әрі Улухиеттің (2) ұлықтығын аңғартатын кейде бас жағында құпия белгілер кездесетін ақпарат жинағы. Әрі Исм-і Ағзам (3) тарапынан түсіп
Аршы Ағзамның бүкіл алаңын қамтитын ежгейтежгейлі баяндаған
хикметке толы Қасиетті Кітап. Міне, сондықтан "Кәламуллаh" аты өте
лайық түрде Құранға берілген.
(1) Иғжаз – мұғжизалығы, ешкім ешқашан оған тең келер жазу жаза алмауы. Ауд. (2) Улухиет – Жаратушыға тән кемел сипаттарға ие болу. Ауд. (3) Исм-и Ағзам – Аллаһтың ең ұлық аты.