Хикмет толы Құранның даналығының жеке өмірге тигізер пайдасын және оның адамның ахлақына, мінезқұлқына, тәрбие сіне әсерін пәлсапаның тигізер ықпалымен салыстырып қарайық: Пәлсәпәнің озат шәкірті расында бір перғауын. Бірақ, бас пайдасы үшін ең төмен нәрсеге құлшылық ететін жарамсақ перғауын. Пайдалы бір нәрсе көрсе өзіне Раббы етіп, соған табынуға дайын. Ол дінсіз шәкірт, былай қарағанда қырсық, бір беткей. Алайда, бір ләззат үшін тым қорлыққа көнуге әзір міскін бір қыңыр. Шайтан сықылдылардың кішкентай пайдасы үшін аяғын жалайтын дәрежеде жарамсақтық ететін өте жылпос алаяқтың өзі. Әрі ол дінсіз, қайырымсыз, залым әрі тәкаппар. Бірақ, көңілінде сенетін ешнәрсе болмаған соң негізінде өте әлсіз, дәрменсіз...
Құран – ғаршы Ағзамнан, Исми Ағзамнан және әр есімнің ұлық мәртебесінен келгендіктен Он екінші Сөзде баяндалып дәлелденгені секілді Құран – бүкіл әлемнің Раббысы болған Аллаһтың сөзі, әрі барлық болмыс атаулының Жаратушысы болған Аллаһтың пәрмені, сондай-ақ, Аспан мен Жердің Жаратушысы атыменен басталатын хұтпа және толық Рубубиеті жағынан келген үндеу әрі жалпы Субхани салтанат есебінен мәңгілік уағызы. Һәм ауқымды да кең мейірімге иелігі тұрғысынан Рахманның жылы лебізге толы дәптері. Сондайақ, Улуһиеттің айбындылығының ұлылығы тұрғысынан кейде бастарында құпия сырлардың белгілері жазылған өзара хабарласу жиынтығы болып саналады. Һәм исмі Ағзам тарапынан келіп аршы Ағзамның...
ҚҰРАН – мына әлем атты алып кітаптың мәңгі бітпес тәржімесі; ҚҰРАН – жаратылыс аяттарын оқитын түрлі тілдердің мәңгі өшпес тілмашы; ҚҰРАН – мына кітап тәріздес көзге көрінетін және көрінбейтін әлем дерге түсініктеме беруші; ҚҰРАН – Жердегі және Көктегі жасырын Иләһи көркем есімдердің мағынауи қазыналарын тауып беруші; ҚҰРАН – жазба тәрізді қилы оқиғалардың астарындағы терең ақи қаттардың мәнісін ашып беруші; ҚҰРАН – мына шәһәдат әлеміндегі ғайып әлемінің жаршысы; ҚҰРАН – мына көрнекі әлемнің артындағы ғайып әлемінен келген мәңгібақи, Рахмани, жанды жадыратар жылы лебізге толы ілтипат және Әзәли, Субхани үгіт пен насихатқа толы қазына;