Бәлағат
August 18, 2020

"Неліктен Құран кейбiр мәселелердi қысқа қайырады. Кейбi­реуiн көпшiлiкке түсінікті оларға жағымды, қарапайым халыққа жеңіл, ақылдарын қинамай өте анық та қарапайы тiлмен жеткiзедi?"

19-сөз

ЖАУАП: "Себебi, пәлсапа ақиқаттың жолынан тайған. Алдыңғы
сабақтар мен сөздерден әлбетте мынаны түсiнген боларсың: Құран Хаким
жаратылыс атаулыны Аллаhтың көркем есiм­-сипаттарын түсiндiру үшiн
тiлге тиек етедi. Яғни, мына әлем атты кiтаптың мағыналарын түсiндiрiп,
оның жазушысын, Жаратушысын таныстырады. Демек, болмысқа оның
өзi үшiн қарамайды, Жаратушысын таныстыру үшiн назар аударады.
Сондай-­ақ, сөзiн баршаға арнайды. Пәлсапа болса болмысқа өзі үшін қарап,
өзінен шыға алмай табиғатына батып, шектеліп қалады әрі сө зiн көбінесе
оқымысты, білімді топқа арнайды. Міне, Құран Хаким, жаратылысты
айғақ, дәлел ретiнде қолданады. Көпшiлiк оңай түсiну үшін айтылған дәлел
анық, түсінікті болуы тиіс. Құран – жөн сiлтеушi, ағартушы, ұстаз. Олай
болса сөзiн адамзаттың барлық табына арнайды. Ал негiзгi тыңдарман топ
– қарапайым халық. Әрине, оларға қажетi шамалы нәрселердi қысқаша
түсiндiріп, кейбір мәселелерді егжей­тегжейлі емес, тұспалдап қана қояды.
Маңызды да күрделі мәселелердi мысалдар арқылы баяндайды. Қарапайым
халықты шатастырмауы үшiн сырттай айқын көрiнiп тұрған нәрселердi
өзгерiссiз, сол қалпында баяндайды.

Мысалға, Күн туралы "Күн – айналып тұрған шырақ" дейдi. Бұл
жерде, Күннің өзі туралы, оның жаратылысы жайында баяндап тұрған жоқ.
Керісінше оның белгiлi бiр жүйенiң орталығы әрі тәртіптің өзегі екендігі
айтылады. Ал, тәртіп пен жүйе болса, оны құрушы, жаратушы бір Аллаhты
тануға мүмкіндік беретін айна тәріздес. Иә, وَجَعَلَ الشَّمْسَ سِراَجاً дейді, яғни
"Күн айналады" дейді. Бұл "айналады" сөзi арқылы қыс пен жаздың, түн
мен күннiң алмасуындағы керемет құдіреттің басқару жүйесiн еске салып,
Жаратушы Жаббардың ұлылығын түсiндiредi. Ендеше, мына "айналады"
сөзінің ақиқаты қалай болғанда да, айтылғалы отырған және мына көз
алдымыздағы керемет жүйе мен тәртіпке еш керағарлығы жоқ.

Тағы да: وَجَعَلَ الشَّمْسَ سِرَاجًا дейдi. Мұндағы "сирадж" сөзi арқылы
мына әлемдi сарай секілді суреттейдi. Iшiндегi нәрселер, адамдар мен басқа
да тiршiлiк иелерiнің игілігіне жасалған әсем бұйымдар, қажеті заттар,
тағамдар екенін, Күннің өзі бағынышты шырақ, жылу көзі екендiгiн еске
түсiре отырып, мейiрiмін төгіп тұрған шынайы сыйлық берушi Жаратқан
Иемізді таныстырады. Ал, ендi тілі мен жағына сүйенген пәлсапа не дейдi?
Соны тыңдайық: "Күн – лаулап тұрған алып от. Өзiнен бөлiнiп шыққан ғаламшарларды айналасында ұстап, айналдырып тұрады. Үлкендiгi мұндай, құрамы осындай..." дейдi. Адамзат рухына қатты үрей мен
қорқыныш ұялатып, бос таңғалдырғаннан басқа еш нәрсе бермейдi. Рухқа
кемелдік бермейді. Құранға жетпейді. Сырты сұлу, ішi бос, жылтыраған пәлсапаның құны Қасиетті Келамның қасында қанша дейсің?! Пәлсәпәнiң
сұлу сыртына алданып, Құранның мұғжизалы баянын менсінбей,
әдепсіздік жасама!

Ескерту: Арабша Рисалей­Нұрда Он төртiншi тамшының алты бөлiмi, оның iшiнде төртiншi бөлiмiнiң алты тұжырымы Құран Хакимнiң қырық түрлi мұғ жизаларының он бесiн баяндайды. Сол жерде толық айтылғандықтан қазiр қыс қаша баяндалды. Қаласаң соны оқы! Мүғжизалар қазынасын табасың.


Сөздер-263бет

rebrand.ly/mucizati-kuraniye