Құран мен пәлсапа шәкірттері
Хикмет толы Құранның даналығының жеке өмірге
тигізер пайдасын және оның адамның ахлақына, мінезқұлқына, тәрбие
сіне әсерін пәлсапаның тигізер ықпалымен салыстырып қарайық:
Пәлсәпәнің озат шәкірті расында бір перғауын. Бірақ, бас пайдасы үшін
ең төмен нәрсеге құлшылық ететін жарамсақ перғауын. Пайдалы бір нәрсе
көрсе өзіне Раббы етіп, соған табынуға дайын. Ол дінсіз шәкірт, былай
қарағанда қырсық, бір беткей. Алайда, бір ләззат үшін тым қорлыққа
көнуге әзір міскін бір қыңыр. Шайтан сықылдылардың кішкентай пайдасы
үшін аяғын жалайтын дәрежеде жарамсақтық ететін өте жылпос алаяқтың
өзі. Әрі ол дінсіз, қайырымсыз, залым әрі тәкаппар. Бірақ, көңілінде сенетін
ешнәрсе болмаған соң негізінде өте әлсіз, дәрменсіз, жағымпаз, өркөкірек.
Әрі ол шәкірт пайдакүнем, өзімшіл. Оның бүкіл талпынысы тойымсыз
нәпсісін, қарнының қамын, басқа да сезіммүшелерінің құмарын қандыру.
Жеке басының пайдасын халықтың пайдасының арасынан іздейтін
өзімшіл, нағыз қиянатшылдың өзі.
Ал, Құран хикметінің адал шәкірті болса, өзі бір құл. Бірақ, ең үлкен
жаратылысқа құлшылық етпейтін құл. Жұмақ секілді мол пайданың өзін
құлшылығына арқау етпейтін абыройы үстем құл. Құранның нағыз шәкірті
кішіпейіл, жұмсақ мінезді, кешірімшіл. Бірақ, Жаратушысынан басқаға,
Оның рұқсатынсыз өз еркімен жарамсақтанып, ешкімге мойын имейді.
Өзі пақыр, дәрменсіз, әлсіз екенін мойындайды. Бірақ, өзінің Мәликі
Кәримі (Аса жомарт қожайын) оған арнап, жинап қойған ақыреттік
байлығымен қанағатшыл әрі бай және Жаратушысының шексіз құдіретіне
сүйенгендіктен өте күшті. Ол тек Аллаh үшін, Аллаhтың ризалығы үшін
адамгершілік амал жасайды, еңбек етеді. Міне, екі хикметтің беретін
тәрбиесін шәкірттеріне қарап салыстырып білуге болады.
Пәлсапаның мәнісі мен Құранның хикметінің ада мның қоғамдық өміріне ықпалы мен тәрбиелік мәні:
Пәлсапа қоғам өміріндегі өзекті мәселе, оның тірегі – күшқуат деп
са найды. Мақсаты – пайда табу. Өмірлік қағидасы – күрес деп біледі.
Жама ғаттарды біріктіріп тұрған нәсілшілдік, жағымсыз ұлтшылдық деп
түсінеді. Соңында нәпсінің әуестігі қозып адамзаттың қажеттілігі молая
түседі. Алайда, күшқуат жауыздыққа, өктемшілдікке апарады. Пайда табу
болса, қанағат болмаған соң қырқысуға соқтырады. Күрес қағидасы болса,
текетіресу, ал нәсілшілдік болса, басқаны жұтып күн көру болғандықтан
ол да өктемшілдікке апарады. Міне, сондықтан осы пиғылдағы адамзаттың
басынан бағы тайып, сорлап жүр.
Ал, Құран хикметіне келер болсақ, қоғамның тірегі күшқуат емес
"хақ" деп қабылдайды. Мақсаты – пайда табу емес, адамгершілік,
Аллаhтың ризалығына бөлену. Өмірдегі қағидасы – күрес емес, өзара
жәрдемдесу. Халықты байланыстыратын нәрсе нәсілшілдік, ұлтшылдық
емес, діни бауырластық, отаншылдық. Мақсаты, нәпсінің әуестігін тиып,
рухты биік белестерге, асу шыңдарға өрлетіп, ұлы сезімдерді орнымен
пайдаландырып, адамды өз кемелдігіне көтеріп адам ету. Қоғамда хақ,
туралық үстем болса, ынтымақ болады. Адамгершілік болған жерде тату
лық, ауызбіршілік болады, ал өзара жәрдемдесу ұғымы бірбіріне көмек
тесуге ұмтылдырады. Дін деген бауырластыққа, бірлікке баулиды. Ал,
нәпсіні тиып, рухты кемелдікке бағыттай білу, еркіндікке, тәуелсіздікке
қол жеткізіп, соңында екі дүниенің бақыты орнайды.