мұғжиза
August 11, 2020

Қасиетті Құранның ғайыптан хабар беруі

25-сөз

Енді, Қасиетті Құранның ғайыптан хабар беруі жайлы және әр ғасырда өзінің балауса балғындығын сақтап қалуы, сондай­-ақ, адамзаттың әр тобының деңгейіне сәйкес келетіні жайлы. Бұл да өзінше бір мұғжиза, таңғажайып қасиет.

Өткен шақпен қатысты ғайби ақпараты. Иә, Хаким Құран үмми, оқу­жазу білмейтін бір Кісінің тілімен сонау Адам (ғ.с) заманынан бері өзі түскен ғасырға дейінгі маңызды тарихи оқиғаларды, әнбиялардың өмірін, олардың бастан кешкен уақиғаларын тұтас әрі шынайы түрде керемет баяндаған. Мұнысын киелі кітаптар Тәурат, Інжіл растап бекітеді. Көктен түскен кітаптардың бір ауыздан мойындаған мәселелерін үйлестіріп, растайды да, ал қарама­қайшы жерлерін жөндеп, тегістеп, болған оқиғаларды дәлме­дәл, нақты суреттейді.

Демек, Құран­ның өткір назары әлгі көктен түскен аспани кітаптардың бәрінен жоғары тұр. Ол өткен шақтың белестерін толық көріп тұрған болуы керек, сонда
ғана әлгіндей ортақ мәселелерін растап бекітеді, ал даулы мәселелердің
анық­қанығын айтып төрелік етеді.

Дегенмен, Құрандағы оқиғалар мен өткен тарих белестері жайлы ақпарат ақылмен атқарылатын іс емес. Оларды ақылмен біліп, хабар беру мүмкін емес. Ол, аспани хабар, ол нақыл яғни біреуден келген, жеткізілген хабар. Ал, біреуден нақыл етіп, жеткізу үшін көргендей оқи алатын, жазу білетін болуы керек. Бірақ оқу­жазу білмейтіні, ешбір әріп танымайтыны әрі аманатқа өте сенімді, үмми кісі екені достары түгіл дұшпандары тарапынан расталған бір кісіге түсті емес пе?!

Һәм, әлгі өткен тарихи жағдайларды нақты түрде суреттеген кезде олардың бәрін баяндайды. Өйткені ұзаққа созылған бір оқиғаның өзегін алып, қысқа­нұсқа тұжырым жасайды. Өз мақсатына оны кіріспе, сөзіне арқау етеді. Демек, Құрандағы тұжырымдар мен өзектерге қарап мұны
баяндап отырған, өткен шақты егжей­тегжейлі, толық көріп отырған біреу
екеніне шек жоқ. Себебі, біреудің ғылым яки өнер саласында білікті екені
оның тұжырымды сөзінен, шебер қимылынан байқалады. Сол секілді
Құрандағы оқиғалардың түйіні, қорытындылары бізге мынаны көрсетеді:
Бұларды айтып отырған барлық оқиғаларды толық қамтып, көріп тұрған
(егер айтуға рұқсат болса) өте шебер, білікті біреу.


Сөздер-443

rebrand.ly/mucizati-kuraniye