Құраным
@kurankerim
Құран дейтін мәңгі өшпес бақи мұғжиза туралы.
18 posts
мұғжиза

Құрандағы әнбиялардың мұғжизалары нені мегзейді?

Құранда әнбиялардың рухани кемелдігін айтып адамзаттың оларды үлгі тұтуларын баяндай келіп, мұғжизалары туралы айтады. Осылайша мұғжизалардың ұқсасына қол жеткізуге, көшіруге ынталандырғандай. Тіпті, рухани кемелдік сияқты заттай кемелдік пен техника, ғылым жаңалықтары да адамзатқа әу баста мұғжиза арқылы сыйланған деп айтуға болады. Расында Хазіреті Нұхтың (ғ.с.) мұғжизасы – кеме, Жүсіптің (ғ.с.) мұғжизасы – сағат болса, осыларды ең алғаш адамзатқа сыйлық еткен олардың мұғжизалары. Бұл ақиқатқа тамаша бір ишара: Өнер адамдарының көпшілігі әрқайсысы өз саласында бір пайғамбарды пір тұтады. Мысалы, кеме жасаушылар Нұх пайғамбарды (ғ.с.), сағатшылар Жүсіп пайғамбарды (ғ.с.), тігіншілер Ыдырыс пайғамбарды (ғ.с.). Зерттеуші ғұламалар мен...

Қасиетті Құранның ғайыптан хабар беруі

Енді, Қасиетті Құранның ғайыптан хабар беруі жайлы және әр ғасырда өзінің балауса балғындығын сақтап қалуы, сондай­-ақ, адамзаттың әр тобының деңгейіне сәйкес келетіні жайлы. Бұл да өзінше бір мұғжиза, таңғажайып қасиет.

Құран мен сандар

Ескерту: Расул сөзіндегі ұлы сырдың баянында жүз алпыс аят жазылды. Үшбу аяттардың қасиеті өте маңызды болумен қатар, мағына жағынан да бірін-бірі дәлелдеп толықтыратындықтан және мағыналы болғандықтан түрлі аяттарды жаттағысы немесе оқығысы келетіндерге Құрани хизб болуымен қатар, Құран сөзіндегі үлкен сырдың баянында алпыс тоғыз аяттың шешендік дәрежесі өте жоғары және тамаша жеткізілуде. Бұны да екінші бір Құрани хизб ретінде бауырларымызға ұсынуға болады. Тек, Құран сөзі жеті Құран тізбегінде бар, екеуі тыс қалған. Ол екеуі қырағат мағынасында. «Расул» сөзіне келсек, ол сөзбен ең көп байланысты сүрелер Мұхаммед сүресі мен Фатх сүресі болғандықтан сол екі сүремен шектелдік. Олардан тыс қалған Расул сөзі әзірге енгізілмеді...