Құран және тәпсір
Ұлы Құран, өткен-кеткен адамзат баласының барлық әлеуметтік-
рухани топтарына, халықтарына, жеке тұлғаларға арналып, Ұлы
Ғарыштан айтылған, Илаһи жинақ сөз. Баршаға айтылған Раббани
үндеу. Оны танып білуге бір адамның немесе шағын жамағаттың
шамасы келмейді. Әлемдегі материяларға қатысты көптеген пәндер
мен ғылымдарды қамтып тұр.
Осы тұрғыдан алғанда, уақытқа, мекенге тәуелді, мамандығы
мен ой-өріс шеңбері тар, бір ғана кісінің, өресі мен қабілетінен туған
бір тәпсір, Ұлы Құранның толық тәпсірі бола алмайды. Өйткені
Құран үндеу салып тұрған халықтар мен адамдардың моралдық-
материялдық жағдайларына, олар біліп тұрған ғылымдарға бір
адамның маман болып, меңгеріп кетуі мүмкін емес. Сондықтан бәрін
қамтитын тәпсір жаза алмайды. Бұған қоса бір адамның мамандануы,
ұстанымы, өзіндік көз қарасы болады. Сондықтан Құрани
ақиқаттарды дөп басып, бейтарап тәпсір жаза алмайды. Сонымен
қатар бір адамның ой-пікірінен шыққан бір мәселе, оның өзіне ғана
тән қалпында қала береді. Бұл айтқандарымды сен де қабылдайсың
дей алмайды. Көпшілік өзі мойындаса, қабыл етсе оның жөні басқа.
Олай болса, Құранның өте терең мағыналарын және тәпсірлерде
шашыраңқы айтылатын игіліктерін және уақыттың тәжірибесі
мен ғылыми жаңалықтардың нәтижесінде белігілі болып жатқан
ақиқаттарын аша түсетін, әр қайсысы бір-бір ғылымның майталман
маманына айналған зерттеуші ғалымдардан тұратын үлкен топтың
бақылауы мен жетекшілігінде үлкен тәпсір жазылуы тиіс.
Заңдылықтардың жүйелілігі бір адамның ғана ой-пікірімен ғана
емес, жоғарғы дәрежелі мамандардан құрылған топтың зерттеуінен
өтуі тиіс. Көпшілікке сенім туғызатын, халық алдында бұл істі
мойнына алтын топ құрылғанда ғана үметтің сенімі мығым болады.
Құран тәпсірін жазатын адам аса білімді, дана, Иманы кәміл,
әулиелік кемелділікке жеткен болуы керек. Ал бүгінгі таңда мұндай
шарттар жоғарғы деңгейлі, бір-біріне көмектесіп ой біріктіріп, рухани
демеу болып, тәуелсіз ойлай алатын ықыласты топтың рухани
тұлғасында ғана болады. Осындай рухани топ Құранға тәпсір жаза
алады. Өйткені «Жалқыда жоқ нәрсе, жалпыда болады» қағидасына
орай, бір адамның бойынан табылмайтын мұндай шарттар, арнайы
топтан табылады. Осындай бір топтың құрылуын асыға күтіп
жүргенде, алдын ала сезуге жататын бір сезіммен, елімізді тас-
талқан ететін сұмдық зілзаланың алдында тұрғанымызды ойладым.
«Бір іс толығымен қолыңнан келмесе, ол істі мүлдем
тастай салуға болмайды» деген қағидаға орай, шамамның аздығы мен кемшіліктерім бола тұрса да Құранның кейбір ақиқаттары мен
сөйлемдеріндегі мұғжизалы ишараларды жалғыз да болсам жаза
бастадым.
/Өмір тарихы,101-бет/